- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО әкімі денсаулық сақтау нысандарын аралады (ФОТО)
ОҚО әкімі денсаулық сақтау нысандарын аралады (ФОТО)
Ең алдымен, аймақ басшысы №1 облыстық перинаталдық орталығының жұмысымен танысып, ондағы аналардың жағдайына қанық болды. Іргетасы 1934 жылы қаланған орталыққа облыстың 12 ауданынан неонатальді және экстрагенитальді потология, гинекологиялық аурулар сынды диагноздармен аяғы ауыр әйелдер келіп, босанады. Соңғы он жылда мұндағы туу көрсеткіші екі есеге артып, 4 мыңнан 10 мыңға жетсе, 15 мыңнан астам ана мен бала түрлі дәрежедегі емдерді қабылдайды. Бүгінгі таңда 8 ауданға кураторлық көмек көрсетіп отырған мекемеде 350 әйел көмек алады.
Орталықтың жұмысымен танысқан Б.Атамқұлов жауапты сала басшыларына мекемені бейнебақылау жүйесімен, соңғы медициналық құрылғылармен толықтай қамтамасыз етуді тапсырып, ғимаратты заманауи стандарттарға сәйкес етуді жүктеді.
Мұнан соң, облыс әкімі облыстық «Ана мен бала» орталығында болды. Күні бүгінге дейін бұл орталықта 227 бала тіркелсе, 200-ге жуығы антиретровирусты терапияны қабылдайды. Сондай –ақ, биыл Оңтүстіктегі орталық мамандары психолог көмегіне жүгіне отырып, науқас балалармен және олардың ата-аналарымен психологиялық кеңес құру барысында тиімді методика қалыптастырып отыр.
Орталық жұмысымен танысу барысында облыс басшысы Б.Атамқұлов ондағы балаларды Сарыағаш, Біркөлік сынды демалыс аймақтарына апарып, Түркістан, Отырар сияқты тарихи орындарға саяхаттатуды тапсырды.
Нысандарды аралау кезінде өңір басшысы облыстық СПИД орталығымен танысты. Іргетасы 1954 жылы қаланған бұл орталықта 176 маман жұмыс істейді. Мәлімет бойынша, бүгінде аталғанмекемеде 1594 науқас тіркелген. Ғимарат тарихымен танысып, зертхана жабдықтарын аралап көрген Б.Атамқұлов орталық мамандарымен сұхбат барысында сауатты қызмет көрсетуді қадап айтты.
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Білім беру нысандарындағы қауіпсіздік шаралары қалай ұйымдастырылып жатыр -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер