- Басты
- Жаңалықтар
- Алматылық 77 оқушы «Үркер» төсбелгісімен марапатталды
Алматылық 77 оқушы «Үркер» төсбелгісімен марапатталды
Шара барысында қала әкімі Бауыржан Байбек лайықты марапатқа ие болған жоғары сыныптың 77 оқушысын құттықтап, мектеп оқушыларының тек республикалық қана емес, халықаралық аренада да қала беделін көтеруге зор үлестерін қосып жүргендіктерін ерекше атап өтті.
«Біздің Елбасымыз адами капиталдың кең қанат жаюына ерекше мән береді. Дарынды жастар үшін арнайы «Болашақ» бағдарламасы жасалды. Бүгінгі күні Алматының білім беруде барлық көрсеткіштер бойынша алда келе жатқандығын мақтаныш тұтамыз. Бұл сөз жоқ ата- аналар мен педагогтардың орасан еңбектерінің жемісі. Міне, алматылық оқушылар республикалық олимпиадада 11 жыл, математика, физика, химия пәндері бойынша Президенттік олимпиадада 3 жыл, оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарында 14 жыл қатарынан командалық бірінші орында келеді», - деп атап өтті әкім.
«Үркер» белгісін 77 жүлдегер алды, олар қазақ -түрік лицейінің, № 126, № 165, №105, №140 және Әл Фарабаи атындағы кәсіби мектептің оқушылары. Жалпы «Үркер» төсбелгісі 61 оқушыға, құрмет грамотасы 16 оқушыға берілді.
Атап өтерлік жайт, «Үркер» төсбелгісімен марапаттауға биыл 8 жыл толып отыр. «Үркер» Алматының символы алма бейнсінде жасалған жеміс ағашы іспеттес. Оның жемістері үркер жұлдыздары секілді шашырай орналасқан. Бұл жарық жұлдыздай болып жанатын дарынды балалардың келбетін көрсетеді. Ал марапттың арнайы көшпелі символы зияткерлік жарыстарда марапаттарға көп ие болған қазақ- түрік лицейінде биыл тағы да қалды. Яғни, 77 жүлдегердің 16 оқушысы осы білім ошағынан.
Шара барысында ұстаздар мен ата- аналар да марапатталды.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Вакциналау кестесі сақталмаған өңірлер, төсек-орын жетіспеушілігі және оқушылар арасындағы КВИ -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
COVID-19: Британиялық оқушылар жазда сабақ оқуы мүмкін, ал Чехия, Финляндия елдері ТЖ режимін ұзартпақ -
Еңбек адамдары мемлекеттік наградалармен марапатталды -
Үшінші тоқсанда бітіруші сынып оқушылары мектепке барады -
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды -
Экология проблемаларын шешуге арналған үздік идея авторлары марапатталды -
Шынар Мұратова, мұғалім: Онлайн оқу оқушыларды жауаптылыққа үйретті -
Жаңа оқу жылы: Оқушылар қандай платформада білім алады -
Алматылықтарды дәрі-дәрмекпен қамтуға қанша қаражат бөлінді -
Қашықтан оқу үшін оқушылар компьютерді қалай және қайдан алады