- Басты
- Жаңалықтар
- Шиелі ауданында ардагерлер үйі мен мектеп ашылды (ФОТО)
Шиелі ауданында ардагерлер үйі мен мектеп ашылды (ФОТО)
Ардагерлер үйі аудан орталығынан ашылды. Жалпы, аудан бойынша 7 мыңнан астам ардагер болса, мұнда олардың бас қосып, демалып қайтуларына бар жағдай жасалған. Ғимарат демалыс, жаттығу залы заманауи құралдармен жабдықталған. Алдағы уақытта ардагерлер тегін медициналық кеңесті де осында алатын болады.
“Жасым ұлғайды демей, ағайынның арасында елдіктің сөзін айтып, мағыналы өмір сүрудің биік өнегесін көрсеткен ақжарқын пейілдеріңіз бен адал ниеттеріңізге үлкен рахметімді, шексіз алғысымды білдіремін. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгідей жетістіктерінің барлығында да сіздердің қолтаңбаларыңыз бар”, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Ардагерлер де өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағаларын айтып, ақ баталарын берді.
Ә.Тәжібаев елді мекенінде пайдалануға берілген 300 орындық мектеп заманауи үлгіде салынған. Мұнда оқушыларға сапалы білім алуларына толық мүмкіндік қарастырылған. Пәндік кабинеттер, акт залы, асхана, спорт зал және 12 мыңға жуық кітап қоры бар. Сонымен қатар, мектеп ауласында футбол алаңы салынған. Айта кету керек, соңғы екі жылда ауданда 9 білім ұясы бой көтеріп, апатты мектептер мәселесі толығымен шешімін тапты.
Соңғы 2 жылда Қызылорда облысы республика бойынша әлеуметтік салаға көп қаржы бөлетін аймақтардың көшін бастап келеді. Бұл жұмыстардың нәтижесі де жоқ емес. Өткен оқу жылында ҰБТ қорытындысы бойынша Сыр өңірі 13-ші орыннан алдыңғы бестікке көтерілді. Мыңдаған қызылордалық жас түлек облыс әкімі гранттарын иеленді.
Сондай-ақ, Ресей Федерациясы Үкіметі мен облыс әкімдігі арасындағы келісім негізінде 321 түлек Мәскеу және Санкт-Петербургтың маңдайалды жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік алып отыр. Мұнан бөлек, жоғары және арнайы оқу орындарына бөлінетін «Серпін» бағдарламасымен де қызылордалық жастар тегін оқуға жолдама алды. Қорыта айтқанда, өткен жылы мектеп бітірген түлектердің 93,6 пайызы жоғары және арнаулы оқу орындарына оқуға түсті.
Кезекті оқу жылы аяқталуға жақын. Түлектер сынақтан сүрінбес үшін психологиялық тұрғыдан дайын болулары қажет. Аймақ басшысы шиелілік мектеп бітіруші оқушылармен кездесуінде осы мәселеге көңіл бөлу қажеттігін айттыі. Жалпы, аудан бойынша сынаққа қатысуға 543 оқушы өтініш білдірген.
Бұл мектеп бітірушілердің 66,8 пайызы. Сынама тест нәтижесі бойынша орташа балл 85,1. «Алтын белгіге» 20, «Үздік аттестатқа» 9 оқушы үмітті. Айта кетейік, ауданда Ұлттық бірыңғай тест өтетін орын дайын. Алыс ауылдарда тұратын оқушыларды тасымалдау мәселесі шешілген.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері