- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ресей парламентшілері Оралда болды
Қазақстан мен Ресей парламентшілері Оралда болды
Сапар Ресей парламентшілерінің Қазақстанға ресми сапары аясында іске асты. Облыс орталығы Орал қаласындағы күн тәртібінде шекара маңындағы және аймақаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері қаралды.
Қазақстан Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев аймақаралық ынтымақтастықты нығайту үдерістерінің бастауында екі мемлекеттің көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин тұрғанын атап өтті. Қазақстан мен Ресейдің жеті мың шақырымнан асатын ортақ шекарасы бар, сауда айналымы мен адамдар арасындағы байланыстардың ауқымды үлесі осы шекаралас аймақтарға тән болып отыр.
Осы орайда Қ.Тоқаев Қазақстан мен Ресей сенаторларының аймақаралық ынтымақтастығы үшін негізгі облыстарының біріне бірлескен сапарының маңыздылығын атап өтті.
Батыс Қазақстан облысы Ресейдің бес федеративтік нысанымен - Астрахан, Волгоград, Саратов, Самара және Орынбор облыстарымен шектеседі. Оралда екі елдің парламентшілері облыс әкімі Алтай Көлгіновпен және облыстағы ұлттық бірлестіктер өкілдерімен кездесті. Мәдени бағдарлама аясында депутаттар Кафедралық шіркеуде, А.С.Пушкин мұражайы мен Өлкетану мұражайында болды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары