- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында 220 түлек «Алтын белгі» белгісіне үміткер болып отыр
Жамбыл облысында 220 түлек «Алтын белгі» белгісіне үміткер болып отыр
«44 мектеп бітіруші Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына 24.11.2015 жылғы өзгерістерімен мен толықтыруларына сәйкес халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобаларының женімпаздары ретінде ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырудан босатылады. 220 оқушы «Алтын белгіге», 84 оқушы үздік аттестатқа үміткер. 64 мектеп бітіруші мемлекеттік грант иегерлері. 2496 мектеп бітіруші дәстүрлі емтихандар тапсырады»,-деді Ж.Бекбатырова.
Аудандарда мектеп бітірушілердің ұлттық бірыңғай тестілеуін ұйымдасқан түрде өткізу үшін олардың тамақтануына, тасымалдауына және жатын орнына 16 млн 990 мың теңге бөлінген (оның ішінде тасымалдауына 10 млн. 678 мың теңге, тамақтануына 5 млн 848 мың теңге, жатын орындарына 463 мың теңге қаржы бөлінді). Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыратын 6065 мектеп бітірушінің 3295-і (54,32%) тасымалдауды қажет етеді.
«Барлық ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттері бейнебақылау камералары, ұялы телефон дабылын тұншықтырғыш, металіздегіш және видеотіркегіш құралдармен қамтамасыз етілген»,- деп қорытындылады Ж.Бекбатырова.
ҰБТ-де жоғары нәтиже көрсеткен Тараз қаласындағы №1, 40, 41, 45 гимназиялары мен облыстық дарынды балаларға арналған 3 мектеп-интернаттың базасында мектеп директорлары мен орынбасарларына, пән мұғалімдеріне арналған әдістемелік көмек көрсетіліп, аталған мектептердің ҰБТ-ге дайындаудағы озық іс-тәжірибелері таратылды.
Сондай-ақ, оқу жылы ішінде ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау сапасын жақсарту мақсатында 12 педагогикалық десант, 11 коучинг-сессия, 3 ғылыми-практикалық конференция, 78 семинар-тренингтер, он-лайн режимінде ҰБТ тапсыратын негізгі пәндерден интерактивті сабақтар апталығы өткізіліп, оған жоғары сыныптарда сабақ беретін 13460 (60,2%) педагог қамтылды. Мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге дайындығын анықтау, олардың білім деңгейлерін тәуелсіз бағалау мақсатында облыс мектептерінде 11-ші сыныпта оқитын оқушылардан республикалық USTADI он-лайн тестілеу орталығы, EDTECH-KZ Халықаралық білім орталығы арқылы байқау тесттері алынды.
“Республикалық Ustudy он-лайн тестілеу орталығы 2015 жылдың желтоқсан айында, 2016 жылдың ақпан айында 10,11 сынып оқушылары арасында 2 рет тестілеу өткізіп, оған 11291 оқушы қатысты. Алынған тест нәтижесі бойынша әрбір мектеп бітірушінің 5-11 сыныптарда оқылған негізгі пәндері бойынша білім деңгейлеріне сараптама жасалып, әр пән бойынша білмейтін тараулары нақты көрсетіліп, дайындайтын мұғалімдерге бағыт-бағдар берілді.
«EDTECH-KZ» Халықаралық білім орталығы өкілдерінің қатысуымен 2015 жылдың қараша мен 2016 жылдың наурыз айларында 10,11 сынып оқушылары арасында 2 рет тестілеу өткізіп, оған 18493 оқушы қатысты. Тест нәтижесі бойынша оқушылардың таңдау басымдығы – биология, физика, география, ағылшын тілі пәндеріне берілгендігі анықталып, ҰБТ көрсеткішінің өсуі – осы пәндерді сапалы оқытуға қатысты екендігіне, техникалық қателіктерге жеткілікті мән беру жөнінде ұсыныс берілді.
Ағымдағы жылдың ақпан айында облыстағы барлық білім беру ұйымдарында мектеп бітірушілерге арналған психологиялық кеңес беру айлығы өткізілді,- деп қорытындылады Ж.Елеуқызы.
Білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен мектеп бітірушілердің психологиялық дайындығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін пункттерде 7-8 рет сынама тестілеулер өткізілді.
Сонымен қатар облыс орталығында орналасқан М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті аудандар мен Тараз қаласындағы ҰБТ қорытындысы бойынша төмен нәтиже көрсеткен мектептерді қамқорлықтарына алып, жүйелі жұмыстар жүргізуде.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда