- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында биыл 6 мыңнан астам оқушы ҰБТ тапсырады
Жамбыл облысында биыл 6 мыңнан астам оқушы ҰБТ тапсырады
Брифинг барысында ҰБТ-ға байланысты жұмыстардың жан-жақты және жүйелі дайындық жұмыстарының жыл бойы жүргізілгендігін атап айтты.
Жәмилә Бекбатырованың айтуынша, 2015-2016 оқу жылында облыстағы 316 жалпы білім беретін орта мектептерді 8561 оқушы бітіргелі отыр (оның ішінде 309-ы күндізгі, 4-і кешкі мектептер, 1-і спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп, 1-і «Азия» жекеменшік мектебі, 1-і «Болашақ» арнайы түзету мектеп-интернаты). Оның ішінде 7985 оқушы күндізгі мектепті, 571 оқушы кешкі мектепті бітірсе, оның 3077–і қала мектептерін, 5484-і ауыл мектептерін бітіреді. Бітірушілердің 6291-і қазақ тілінде, 2245-і орыс тілінде, 25-і өзбек тілінде оқығандар).
«2016 жылғы ҰБТ-ге қатысуға 6065 (70,85%) мектеп бітіруші өтініш берген. Оның 6064-і күндізгі мектеп бітірушілер, 1-і кешкі мектеп түлегі, 5027-сі (82,8%) қазақ тілінде, 1038-і (17,2%) орыс тілінде тест тапсырады. ҰБТ-ге қатысатын 6065 оқушының 35,6%-ы (2159) қала мектебінің (Қаратау қаласы – 131 оқушы, Жаңатас қаласы – 96 оқушы, Шу қаласы – 248 оқушы, Тараз қаласы – 1481 оқушы, ОББ қарасты мекемелер - 203), 64,4%-ы (3906) ауыл мектептерінің түлектері»,-деді спикер.
Облыстағы 10 ҰБТӨП-терде мемлекеттік комиссия құрылып, бекітілген. 2016 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуді тиімді ұйымдастыру мен өткізу үшін ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұйымдастыру-басқару жұмыстарын дұрыс жүргізіп, ҰБТ-ны өткізу технологиясының бұзылуына жол бермеуіне жан-жақты дайындық жұмыстарын жүргізуде.
“2016 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуде өзгерістердің енгізілгендігін хабарлап, шекті денгейден өтпей қалған мектеп бітірушілерге 2-ші рет тест тапсыруға рұқсат беріледі. 2-ші рет тапсыратын тест ақылы болады, оның бағасы 2242 тенге. Ал «2» алған мектеп бітірушілерге және ҰБТ-де алған балдарының нәтижесін жақсарту мақсатында тестті қайта тапсыруға рұқсат берілмейді”,- деп қорытындылады Ж.Елеуқызы.
Еске салатын жайт, Ұлттық бірыңғай тестілеу облыста 10 ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінде ағымдағы жылдың 2-15 маусым аралығында өткізіледі.2016 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермейді.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді