- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда еріктілер қызметінің жаңа формасы құрылады
Қазақстанда еріктілер қызметінің жаңа формасы құрылады
Оның айтуынша, адамзаттың болашағы бастамашыл жастардың қолында. Біз алдыңғы буын, ата-аналар мен оқытушылар оларға қаншалықты көмектесе аламыз, жастардың күш-қуатын қай жаққа бағыттаймыз, ол жағы жастардың тағдыры мен оладың тұратын еліне байланысты.
«Еріктілер жұмысы – бұл ауқымды орта қызметі. Мысалы, жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыратын, әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелейтін, патриотизмге, көшбасшылық сапасын көтеруге, студенттердің өзара түсіністігін қамтып, қолдауға көмектеседі. Өзара қолдау көрсетудің дәстүрлі формасымен қатар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосатын еріктілер қызметінің жаңа формасы құрылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда адамға бағдарланған, азаматтардың өмірін қайырымдылықпен жақсартуға, дамуды қамтамасыз етуге айтарлықтай әлеует бар. Қазіргі уақытта «Көмек» қайырымдылық қоры үш үлкен жобаны жүзеге асырып жатыр. Олар: «Бізге керек», «Алтын доп» және «Жарқын жұлдыз». «Бізге керек» жобасы балалар үйіндегі және арнайы интернеттардағы балаларға көмек көрсетуге бағытталған. Онда кітаптар, ойыншықтар мен басқа да заттарды жинайды. «Алтын доп» жобасы спортпен шұғылдануға тартуды мақсат етеді. «Жарқын жұлдыз» шығармашылық жобасы түрлі байқаулар ұйымдастырады. Мәселен, «Мәнерлеп оқу шебері» байқауын, музыкалық аспаптар байқауын, «Жарқын жұлдыз» ән байқауын, «Жарқын жұлдыз» би байқауын ұйымдастырады»,-деді ол.
Бұдан бөлек, «Кітапханадағы еріктілер» жаңа жобасы іске қосылды. Жоба бойынша белсенді жұмыстар жүргізіледі. Аптасына 4 сағаттан екі рет күніне 10 ерікті студент кітапхана қызметкерлеріне экскурсия жүргізуге, негізгі кітап сақтау қорына кітаптарды орналастыруға көмектеседі және кітапхана өмірі туралы мақалалалар жазады. Жаңа жобаның негізгі мақсаты университет студенттерін еңбек пен тәрбие арқылы кітапхананың бай қорымен таныстыру.
Индира Кауметова
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды