Өнеркәсіптік өнімдерінің нақты көлем индексі 98,6% құрады - ҰЭМ

12 Мамыр, 2016 16:58
2016 жылғы қаңтар-сәуірде 2015 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда шикі мұнай, көмір және темір кендерінің өндірісі төмендеді, деп хабарлады ҰЭМ Статистика комитеті.

Сусындардың, темекі, мұнай өңдеу және автокөлік құралдарын жасау өнімдерінің өндірісі қысқарды. Сонымен бірге, табиғи газ және түсті металл кендерінің өндірісі өсті. Тамақ өнімдерінің, химия, фармацевтика және металлургия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі жоғарылады.

Төмендеу Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында тіркелді. Өнеркәсіптік өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 9 өңірінде байқалды.

 

Барлық жаңалықтар