• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында ҰОС ардагерлеріне арналған мемориал ескерткіші ашылды (ФОТО)

Ақмола облысында ҰОС ардагерлеріне арналған мемориал ескерткіші ашылды (ФОТО)

12 Мамыр, 2016 16:43
Аршалы ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған мемориалдың салтанатты ашылуы өтті, деп «Ақмола Медиа Орталығы» хабарлайды.

Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай Аршалы ауданының Жалтыркөл ауылында Ұлы Отан соғысы майдангерлеріне ескерткіш орнатты.

Салтанатты ашылу рәсімінде Аршалы ауданының әкімі Азамат Тайжанов ауылдың барлық тұрғындарып құттықтап, майдангер-батырлардың ескерткішін орнатуда белсене қатысқандарға алғысын білдірді.

«Бұл ескерткіш мәңгілік тұрсын. Біздің ата-бабаларымыздың, әкелеріміздің батырлығының символы болсын»,-деді әкім.

Аудан әкімі ауыл тумаларына ескерткіш дайындауда және құруда демеушілік көмек көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

Ақсақал, ақын Тоқабай Жиренбаев өз өлеңін оқыды. Сондай-ақ, митингте Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің балалары сөз сөйледі. 

Барлық жаңалықтар