- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Әскери-теңіз күштерінде Армия ойындарына корабльдерді техникалық дайындау басталды (ФОТО)
ҚР Әскери-теңіз күштерінде Армия ойындарына корабльдерді техникалық дайындау басталды (ФОТО)
Алдағы Армия халықаралық ойындары байқауына қатысуға корабльдің әзірлігінің негізгі мәселелерінің бірі қазіргі уақытта ерекше көңіл бөлініп жатқан оның техникалық әзірлігі болып табылады.
«Каспий теңізі – 2016» теңіз биатлонына қатысатын негізгі корабль болып белгіленген «Орал» зымыран-артиллериялық кораблі Аташ кентінде жөндеу жұмыстарынан өтуде. Жөндеу жұмыстарын «Зенит» Орал зауыты» АҚ жүргізуде.
Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары, корабль корпусының суасты бөлігін тазарту және бояу, түпкі-борттық арматураларды тексеру және металдың тат басуынан қорғайтын протекторлық қорғауыштарды ауыстыру жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарына тікелей корабль командирі аға лейтенант А.Қ.Қапашевтің басшылық етуімен корабль экипажы қатысуда.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері Армия халықаралық ойындары-2016 шеңберінде «Каспий кубогы – 2016» (теңіз биатлоны) халықаралық теңіз байқауына қатысады. Биатлонға қатысатын негізгі және қосалқы корабльдер де белгіленіп қойды. Негізгі корабль «Орал» зымыран-артиллериялық кораблі, қосалқы «Сарыарқа» кораблі болып белгіленді. Корабль экипаждары 33 адамнан тұрады.
Өткен жылы ҚР ҚК ӘТК-нің командасы «Каспий кубогы» байқауына алғаш рет қатысқан болатын. Байқау қорытындысы бойынша командамыз бірінші орын алып, күміс медальдар жиынтығы мен «БЛ-680» жылдам жүретін қайықтың иегері атанды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді