- Басты
- Жаңалықтар
- Монополияға қарсы орган бәсекелестік үшін жағдайларды қолдау қажеттілігі туралы ҚР Ұлттық Банкіне нұсқама шығарды
Монополияға қарсы орган бәсекелестік үшін жағдайларды қолдау қажеттілігі туралы ҚР Ұлттық Банкіне нұсқама шығарды
Сонымен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңына (АҚЖМС туралы Заң) өзгерістер күшіне енді, оған сәйкес жол-көлік оқиғасы (ЖКО) жағдайында келтірілген залалды бағалау жөніндегі функциялар сақтандыру компанияларына берілді.
Көрсетілген өзгерістер енгізілгенге дейін ЖКО кейінгі көлік құралдарының залалын бағалауды бағалаушылар – тәуелсіз сарапшылар, жеке және заңды тұлғалар жүргізді.
АҚЖМС туралы Заңға өзгерістер енгізгеннен кейін көлік құралына келтірілген залалды бағалауды Ұттық Банк Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы қаулысымен қабылданған нормативтік құқықтық актісінің негізінде тікелей сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады (көлік құралына келтірілген залал мөлшерін анықтау қағидасы).
АҚЖМС туралы Заңның қолданыстағы нормалары көлік құралдарының автоиелерінің сақтандыру ұйымының бағалау мөлшеріменкеліспеген жағдайда ғана бағалаушы ұйымдар – заңды тұлғалардың өтініш беруін көздейтіндігін атап өткен жөн. Бағалаушы –жеке тұлғалардың қызметі қолданыстағы заңнамамен жойылды.
Осылайша ЖКО кейін көлік құралдарына келтірілген зиянды бағалау нарығына қол жетімділіктің анықталған шектеуі және бағалаушы – жеке тұлғаларға қызметті жүзеге асыру мүмкінсіздігі бәсекелестікті дамытуға шаралар қабылдау қажеттілігі туралы шешім қабылдау үшін негіз болды. Осыған байланысты монополияға қарсы орган Ұлттық Банктің атына бәсекелестікті қамтамасыз етуге, ЖКО кейін көлік құралына келтірілген зиянды бағалау нарығында бәсекелестікті шектейтін АҚЖМС туралы Заң нормаларына қажетті өзгерістерді енгізу бөлігіне бағытталған іс-қимылдарды жасау туралы нұсқама шығарылды.
Анықтамалық: Ұлттық Банктің ресми ресурсында орналастырылған мәліметтер бойынша ЖКО кейін көлік құралына келтірілген зиянды бағалау бойынша аккредиттеуді 319 тәуелсіз сарапшы алды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет