• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016-шы жылдың 1-ші шілдесінен бастап әуежайлардың қызмет көрсету бағасын мемлекеттік реттеуден шығару жоспарлануда

2016-шы жылдың 1-ші шілдесінен бастап әуежайлардың қызмет көрсету бағасын мемлекеттік реттеуден шығару жоспарлануда

12 Мамыр, 2016 13:04
Қазақстанда 2016-шы жылдың 1-ші шілдесінен бастап халықаралық бағытта ұшатын рейстерге қатысты әуежайлардың қызмет көрсету бағасын мемлекеттік реттеуден шығару мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары Айдар Әріпханов «Бәсекелестік мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымында айтты.

«Қазіргі уақытта 2016-шы жылдың 1-ші шілдесінен бастап әуежайлардың халықаралық бағытта ұшатын рейстерге қатысты барлық қызмет түрлерін мемлекеттік бағалаудан алып тастау мәселесі қарастырылып жатыр. Сонымен қатар, жүк вагондары мен жүк вагондарын жалдау қызметіне қатысты да мәселелер қарастырылуда»,-деді вице-министр.

Сонымен қатар, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин еліміздегі әуежайлардың өте қатаң тәртіпте реттелетінін атап өтті.

«Бүгінгі таңда елімізде 18 әуежай бар. Былайша айтқанда, Астана мен Алматыны қоспағанда барлығы шығынды. Жолаушылар ағыны 300 мың адамды сирек құрайды оларда. Алматы – 4 млн. және Астана – 3,5 млн. жолаушыны жөнелтеді. Соған сәйкес, әуежайлар бүгінгі күні өте қатаң реттеушілікке ұшыраған. Жалпы 2017-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап әуежай қызметі ырықтандырылатын болады. Баға реттеу жағынан да монополияға қарсы әрекеттер жасалып, тұтынушылар тарапынан болған шағымдарға байланысты жаза қолданатын боламыз»,-деп түсіндірді ол. 

С.Жұманғариннің сөзіне қарағанда аталмыш түзетулер қосымша табыс табуға мүмкіндік береді. Олай етпегенде, әуежайлардағы халықаралық рейстердің қазір жағдайы мәз емес. 

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар