• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжілісте бәсекелестік мәселелер жөніндегі заңнамаға енгізілген түзетулер таныстырылды

Мәжілісте бәсекелестік мәселелер жөніндегі заңнамаға енгізілген түзетулер таныстырылды

12 Мамыр, 2016 12:43
ҚР Мәжіліс Парламентінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.

Заң жобасы Ұлт жоспарының 53-ші қадамы бойынша жасалды, сондай-ақ 2015 жылғы 30 қарашадағы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын іске асыру барысында.

«Жұмыстың негізінде бес институционалдық реформалар аясында Президенттің бұйрығы жүзеге асырылады. Ол жерде монополияға қарсы қызметтің тұжырымдамасын өзгеруі анықталды және ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес  жасау-осының барлығы заң жобасын әзірлеуде негіз болады»,-деп ҚР ұлттық экономика министрінің орынбасары Айдар Арифханов заң жобасын таныстыру барысында айтты.

Оның айтуы бойынша, аталмыш өзгерістің базасына заңнаманың бәсекелестігі мен Қазақстанның саясаты сепкі болды, жұмыс екі кезеңге бөлінді.

Бірінші кезеңді іске асыру қорытындысы бойынша ҚР Кәсіпкерлік кодексі қабылданды, сонымен қатар бәсекелестік мәселелері бойынша басқа да ҚР актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бірінші кезеңін тәжірибелік өрнегі мынадай болды: мемлекеттің кәсіпкерлік қызметте қатысуына шектеу енгізілді, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың қызметі 2016 жылы 47 пайызға қысқаратын болады, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап реттелетін нарықта баға реттеуі тоқтатылады және т.б.

Екінші кезеңді іске асыру аясында монополияға қарсы органның жұмыс мәртебесі мен әдісінің нақты реттелуі және монополияға қарсы органның жұмысы  қамтамасыз етіледі.

«Орталық атқарушы органнан құралған монополияға қарсы орган жүйесінің ведомствосы, тапсырмалары жасалған»,-деді ол.

Қабылданған түзетулер бойынша анықтамалар олардың көрсеткішіне ғана жасалмайтын болады, керісінше олардың мінез-құлықтық іс-әрекеттеріне немесе нарықтағы субъектісінің позициясына да жасалады.

Индира Қауметова

 

Барлық жаңалықтар