Ақтөбе облысында 2016 жылы 9 білім беру нысаны салынады

12 Мамыр, 2016 14:49
2016 жылы 9 білім беру объектілерінің құрылысы жоспарланған.Бұның 3-еуі жергілікті бюджет арқылы қаржыландырылады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Сонымен қатар қала мектептеріндегі үш кезекте оқыту мәселесін шешу үшін облыс орталығында кемінде әлі 15 мектеп салу қажет.

Жалпылай айтқанда, таяудағы үш жыл ішінде өңірімізде 10360 орынға арналған 24 мектеп пен балалар бақшасын салу жоспарланып отыр. Бұлардың барлығы да 2017-2019 жылдардың бюджеттік тапсырысына енгізілді.

“Биылғы жылы таяудағы үш жылдың бюджеті қаралады. Айтылған жобалардың барлығын да соған енгізіп, жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеп, жер учаскелерін бөлу керек. Сондай-ақ бұл мектептерді Білім министрлігінің көрсеткіштер базасына енгізу қажет”, — деп Бердібек Сапарбаев бірқатар тапсырмалар берді.

Барлық жаңалықтар