• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Агрофирма «Жана Ақ дала» ЖШС капиталындағы «ЭкспАгро» ЖШС үлесі аукцион арқылы жүзеге асады

«Агрофирма «Жана Ақ дала» ЖШС капиталындағы «ЭкспАгро» ЖШС үлесі аукцион арқылы жүзеге асады

12 Мамыр, 2016 15:37
«Азық-түлік келісім шарты» ҰК» АҚ ағылшын әдісімен аукцион өткізеді, «Агрофирма «Жана Ақ дала» ЖШС капиталындағы «ЭкспАгро» ЖШС үлесі аукцион арқылы жүзеге асады, деп хабарлады ұлттық компания.

Аукцион реестрдің веб-порталы (www.gosreestr.kz) арқылы жүзеге асады. Аукционға өтініш беру талаптары сайтта көрсетіледі. Аукцион 2016 жылдың 20 мамырында өтеді.

Аукционға қатысу өтініші реестрдің веб-порталында сағат 9-ға дейін қабылданады. Сондай-ақ, кепілдендірілген түсім салынған соң қабылданады.

Айта кетейік, басты баға – 2 млрд 337 млн 563 мың теңге, кепілдендірілген құн – 63 млн 630 мың теңге бұл сома аукционға қатысуға дейін төленеді.

 

Барлық жаңалықтар