• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Әбдіров: Қоғамдық кеңестер жер мәселелерін талқылау барысында қатысуы керек

Н.Әбдіров: Қоғамдық кеңестер жер мәселелерін талқылау барысында қатысуы керек

12 Мамыр, 2016 12:14
Қоғамдық кеңестер жер мәселелерін талқылау кезде болуы маңызды, деп ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаты Нұрлан Әбдіров ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында айтып өтті.

«Қолда бар ақпараттар бойынша, ол жерге қоғамның өкілдері жеткілікті болады, сондай-ақ түрлі деңгейдегі депутаттар да болады. Алайда, қоғамдық кеңестің қатысуы  менің ойымша өте маңызды, өйткені бұл жерде комиссия қоғамдық кеңестің ұжымдық ойын ести алады. «Қоғамдық кеңс туралы» ҚР Заңын алып қарайтын болсақ, оның негізгі мақсаты халықтан азаматтық қоғамға, өкіметке  жеткізу.Бұл негізгі мақсат»,-деді Н.Әбдіров.

Депутаттың ойынша, қоғамдық кеңестер  жер мәселелерін талқылау барысында қатысуы керек.

«Менің ойымша, жер мәселесіне қатысты тақырыпта Қазақстанның барлық аумағындағы қоғамдық кеңестер қатысуы керек. Біз оларды мәжбүрлей алмаймыз. Менің пайымдауымша, бұл мәселелер дұрыс қаралуы керек. Өйткені бұл мәселел әр аймақта әртүрлі. Кейбір аймақтарда бұл мәселе тіпті әділ емес. Бұл туралы Мемлекет басшысы айтқан болатын»,-деді ол.

 Естерінізге сала кетейік, ҚР Үкіметінің кезекті отырысында ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен Мемлекет басшысының Жер реформасы бойынша Комиссия құру туралы тапсырмасы талқылануда.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар