Н.Әбдіров: Қоғамдық кеңес мүшелігіне 18 жастан бастап өтуге болады

12 Мамыр, 2016 12:23
Қоғамдық кеңес мүшелігіне 18 жастан бастап өтуге болады, деді Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіров ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.

«Біз бұл заңды жазған кезде бірқатар маңызды нормаларды енгізген болатынбыз. Біріншіден, Қоғамдық кеңеске қойылатын талаптарды енгіздік, онда Қоғамдық кеңес мүшелерін орталық атқарушы органдармен біріктіру  сынды әр түрлі мәселелер қарастырылған. Қорытындысыда біз Қоғамдық кеңес мүшелігіне өту талаптары депутаттық үміткерлерге қойылатындай  айтарлықтай қатаң болмауын ескердік. Сондықтан да, 18 жасқа толғандар Қоғамдық кеңеске мүше бола алады», - деді Н.Әбдіров.

Депутат атап өткендей, бұл шешім ойланып барып қабылданды. Студенттік орта  осы кеңестерде болуға құқылы екенін екердік.

«Біз 25 жастан жоғары жасты енгізбек едік. Біз бұл талапты 18 жасқа дейін түсірдік. Сондай-ақ, ҮЕҰ жастары мен оның өкілдері кеңеске енуін қаладық», - деді ол.

Ол атап өткендей, қоғамдық кеңеске қатысуға ұсынылған блогерлер де қатыса алады.

 

Барлық жаңалықтар