- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мемлекеттік хатшысы мен ҚР БҒМ басшысы қазақстандық ғалымдармен отандық ғылымды дамыту жайын талқылады
ҚР Мемлекеттік хатшысы мен ҚР БҒМ басшысы қазақстандық ғалымдармен отандық ғылымды дамыту жайын талқылады
Аталмыш отырысқа мемлекеттік орган өкілдері, қазақстандық және шетелдік ғалымдар, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйым басшылары, ғылым саласындағы отандық сарапшылар қатысты. Жиынға қатысушылар алдағы уақыттағы отандық ғылымның дамуын және ғалымдардың ғылыми жұмыстарын одан әрі жүзеге асыру преспективаларын талқылады.
«2010-шы жылдан бастап Қазақстан бәсекеге қабілеттілігін жаһандық индексте өзінің орынын жоғарлатты. 2015-ші жылы «Инновациялық әлеует» көрсеткіші бойынша 31-ші орында, ғылыми-зерттеу ұйымы және инновациялық өрлеу бойынша 29-шы орында, ғалымдар мен инженерлердің жеткілікті болуы жағынан 21-ші орында»,-деп хабарлады ҚР Мемлекеттік хатшысы.
Г.Әбдіхалықова Мемлекет басшысының «білімнің үш бұрышы» - білім, зерттеу және инновация деп қаншама рет айтып келе жатқанын тілге тиек етіп, ғылыми экономиканың дамуында бұл үлкен рөл атқаратынын атап өтті.
БҒМ-ң басшысы Ерлан Сағадиев білім мен ғылым саласындағы реформаны жүзеге асыруда бірлескен іс-қимыл жоспарын түзуді ұсынды.
«Көптеген елдерде ғалымдарды сыртқа жібермей, керісінше шетелдік ғалымдарды тарту саясаты белсенді жүргізіледі. Қазақстанда Президенттің тапсырмасы бойынша бұл бағдарлама 2009-шы басталған болатын. Осы күнге дейін 7 мың шетелдік ғалым ғылыми және ұстаздық қызметке шақырылған. Негізі ғалымдар Еуропа мен Ресейден шақырылған. Бағдарламаның жүзеге аса бастьағанына 7 жыл болды. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға біз 10 млрд. теңгеден астам қаржы бөлдік. Сондықтан бүгін жоғары оқу орындары тарапынан қандай тиімділік көргендерін, бағдарлама жоғары оқу орындарының ғылымына қандай өзгерістер әкелгенін естігімі келеді»,-деді Е.Сағадиев.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері