- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Әбдіров: Қоғамдық кеңестер кең ауқымды өкілеттікке ие
Н.Әбдіров: Қоғамдық кеңестер кең ауқымды өкілеттікке ие
«ҚР-ң «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында жетілдірілген. Бұл жаңа қоғамдық институт жайдан-жай құрылған жоқ. Бұған дейін мемлекеттік және орган өкілдерімен бірлесіп құрған 2,5 мың түрлі қоғамдық құрылымдар болған еді. Егер, Қазақстан халқы Ассамблеясын алатын болсақ, онда республикада 1 370 қоғамдық келісім кеңесі болған. Бұдан бөлек, Алматы әкімдігінің жанында қоғамдық құрылымдар болды. Былтырғы жылға дейін 19 түрлі кеңес комиссиясы болды. Мысалы, кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі, жастар ісі жөніндегі, шағын және орта бизнестті қолдау туралы, бірақ бұлардың бәрі нүктелі кеңестер еді»,-деді Н.Әбдіров.
Ұлт жоспарының 99-шы қадамы бойынша елімізде мемлекеттік органдармен және қоғамдастықтармен жаңа қоғамдық институт құру жүктелген.
«Аталмыш заң 2016-шы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жүзеге асты. Ол заң мәслихаты бар барлық аумақта қоғамдық институт құруды қарастырады. Барлық облыстарда және Астанада, Алматыда, ірі қалалар мен аудандарда, ауылдарда құруға болады. Бүгінгі таңда кеңес өкілеттігіне аумақтық немесе мемлекеттік органның бюджеттік жобасын талқылау, аумақтың стратегиялық даму жоспарын, адам құқығы мен бостандығы тақырыптарын қозғау және тағы басқа да бірқатар маңызды мәселелер кіреді»,-деді ҚР Мәжілісінің депутаты.
Ботагоз Айтжанова
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті