- Басты
- Жаңалықтар
- Армияда жауынгерлік даярлық бойынша нұсқаушылар ретінде сержанттарды даярлау басталды (ФОТО)
Армияда жауынгерлік даярлық бойынша нұсқаушылар ретінде сержанттарды даярлау басталды (ФОТО)
ҚР Қарулы Күштерінің әскери гарнизондарында, әскери бөлімдерінің әрбір батальонында тәжірибелі рота және батальон сержанттары санынан ең үздік әскери қызметшілер іріктелді. Биылғы жылы дайындық өзінің ауқымдылығымен ерекшеленеді.
Оқуға 140 сержант тартылды. Курс барысында атыс қаруы, ЖӘЖМ-2, Т-72, БТР-80 қару-жарағы, гранатаатқыштар мен қол гранаталары, дене даярлығы, әскери топография, инженерлік даярлық пен РХБҚ, әскерлердің күнделікті қызметін басқару және әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді 10 бағыт бойынша нұсқаушыларды даярлау жүзеге асырылды.
Аталмыш курстың айрықшалығы оқыту әдістемесіндегі қазақстандық және шетелдік тәжірибені ұштастыру болды. Кадет корпусы, Құрлық әскерлері, СК-АОСК, ҚР ҚК АӘББ офицерлері мен сержанттарынан басқа, қазақстандық нұсқаушыларды бірлесіп даярлау үшін халықаралық ынтымақтастық шеңберінде американдық оқу-жаттығу орталықтарының мамандары тартылды. Оқыту курсының басында оларға берілген пәндерге қарамастан, барлық тартылатын нұсқаушылар арнайы әдістемелік дайындықтан өтті. Оның барысында нұсқаушылық жұмыс негіздерін зерделеді.
Дайындықтың әрбір кезеңінің арасында үміткер ретінде оқытушылар мен нұсқаушыларды мұқият іріктеу процесі жүрді. Әскери қызметшілерді іріктеу кезінде кәсібилікке, әскери мол тәжірибеге, жеке құрамды оқытуда әдістемелік қабілеттіліктің болуына баса назар аударылды. Айта кетейік, жауынгерлік даярлық бойынша нұсқаушыларды даярлау бағдарламасының іске асырылуы жауынгерлік даярлық пәндері бойынша жеке құрамның жеке дайындығының сапасы мен тиімділігін арттыруға, жауынгерлік даярлық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу үдерісін жетілдіруге, жеке құрамды даярлаудың бірыңғай әдіснамасын енгізуге, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдауда әскери қызметшілердің қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды