- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкенттің бюджеті 22 млрд теңгеге көбейді – әкімдік (ФОТО)
Шымкенттің бюджеті 22 млрд теңгеге көбейді – әкімдік (ФОТО)
Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Олар: Шымкент қаласының агломерациясын құру; облыс орталығын индустрияландыру; Шымкент қаласының Бас жоспарын Агломерация бағдарламасымен сәйкестендіру. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары қатысты. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың агломерациялық аумақтар бағдарламасын әзірлеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, өткен басқосуда облыс әкімінің орынбасарлары Д.Сатыбалды мен С.Тұяқбаев өз салалары бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың ретін баяндаса, қала әкімі Ғ.Әбдірахымов ҚР Үкіметінің «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жоспарланған жұмыстар туралы айтып берді.
Сондай-ақ, шаһар басшысы қала бюджетінің өткен жылмен салыстырғанда 22 млрд. теңгеге артып, 105 млрд. теңгеге толыққанын жеткізіп, бұл істе облыс әкімінің зор ықпал жасағанына алғысын білдірді.
Өз кезегінде, өңір басшысы шаһар агломерациясын құруды Астана мен Алматының тәжірибелерін пайдаланып, қала басшылығымен бірлесу арқылы бірқатар жұмыстарды жандандыру бойынша тапсырмалар берді.
Атап айтқанда, аймақ басшысы агломерацияны дамытуда әрбір елді-мекеннің нақты функциясын ескеру қажеттігін, ең бастысы, Шымкент тұрғындарына қолайлы болуын ескертті. Сондай-ақ, ол Шымкентте «ІТ хаб» жүйесін құру қажеттігіне тоқталып, оны мектеп бағдарламасына енгізу керектігін жеткізді.
Ал қалаға инвестиция тарту мәселесінде Б.Атамқұлов барлық жұмыстарды ширатуды ескертіп, бірталай жылдан бері шешімі табылмай келе жатқан Қорғасын зауытының мәселесін алдағы бір ай ішінде жолға қоюды тапсырды.
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет