• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ж. Сейдалина: ҚР-да сот үрдісіне қысым түсірмеу үшін сотан тыс процедураларды енгізу қажет

Ж. Сейдалина: ҚР-да сот үрдісіне қысым түсірмеу үшін сотан тыс процедураларды енгізу қажет

22 Қараша, 2013 09:17
Қазақстанда сот үрдісіне қысым түсірмеу үшін соттан тыс процедураларды енгізу қажет, деп Қазақстан судьяларының VI съезінде Қарағанды облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істері бойынша коллегия төрағасы Жанна Сейдалина мәлімдеді.

«Судьялар съезі – сот қоғамы үшін ерекше кезең. Ол алға бірқатар мақсаттар қойып, жетістіктер мен тапсырмалар легін жүктейді. Мемлекет басшысы мен Жоғарғы сот төрағасынан ең негізгі бағыттар мен тапсырмалар жүктелді. Біріншісі, бұл сотқа жүгіну үрдісін жеңілдету, азаматтардың қажеттілігіне толықтай жауап беру. Іс жылдар бойы қарастырылмай аз уақыттың ішінде шешілуі сынды мәселелер», - деді Ж. Сейдалина.

Екінші сұрақтар легі, соттан тыс үрдістің енгізілуі.

«Сот жұмысында қазы жан-жақты бағыттарды қарастырса  - ол өзінің жоғары біліктілігін көрсеткені. Қай жағдайда болмасын, судья шешім қабылдаған жағдайда бір бағыттың бірі бәрібір қанағаттанбайды. Ол өз артынан уақыт пен психологиялық келіспеушілікті тудырады", - деді Ж. Сейдалина.

Мәселен, Қарағандыда азаматтық істерді қарастыратын  қалалық соттарда 1 судьяға 100 істен келіп түседі, бұл өте ауыр қысым. Орташа шешім қабылдау 60 іс болып шығады.

«Сондай-ақ, Қарағанды облысында ақпараттық технологияларды белсенді қолданады, барлық қазылар акдио-видео фиксатор мен қамтамасыз етілген. Оның қорытындысында сот үрдісінің жүруіне шағымдар азайды. Бұл біріншіден үрдісті тұрақтандырады. Сонымен қатар, келісім шарт жүйесіне түсетін шағымдар азайды. Аудио-видео фиксатордың көмегі арқылы кез келген соттық іс сотқа келлмей от актісін алуға мүмкіндік алды», - дейді Ж. Сейдалина.

Бұл орайда Ж. Сейдалинаның айтуынша жеке құжаттардың қорғау механизмі құрастырылуы тиіс. «Бүгінгі таңда балаларды асырап алу жағдайында келіспеушіліктер туындайды. Демек, ақпараттық құжаттарды реттеу қажет, және олардың әрқайсысына кіру рұқсаты болуы тиіс», - деді ол.

Айта кетейік, 20 қараша Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен судьялардың  VI съезі өтті. 

Барлық жаңалықтар