• Главная
  • Волонтерлік жұмыс әлеуметтік мәселелерді шешуде және ел қоғамының дамуында маңызды рөл алады – ҚазҰУ профессоры
11 мая, 2016 20:26

Волонтерлік жұмыс әлеуметтік мәселелерді шешуде және ел қоғамының дамуында маңызды рөл алады – ҚазҰУ профессоры

Еріктілік әлеуметтік мәселелер мен ел қоғамының дамуында маңызды рөл алады. Бұл туралы әл Фараби атындағы ҚазҰУ Дүниежүзілік тарих, тарихиграфия жәнедеректану кафедрасының профессоры Роза Жарқынбаева Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлім етті.
Волонтерлік жұмыс әлеуметтік мәселелерді шешуде және ел қоғамының дамуында маңызды рөл алады – ҚазҰУ профессоры

Ұлттық волонтерлік желі 2010 жылы Азаматтық Альянс бастамасымен Қазақстандағы БҰҰ-ның еріктілер бағдарламасы және өзге де волонтерлік ұйымдармен бірлесе құрылған болатын. Олар барлық қазастандық волонтерлік желіні құрумен айналысады.

«Көмек» волонтерлік желісі, студенттер қауымдастығы әлеуметтік жағдайы нашар халыққа көмек көрсетумен айналысады.

«Ұйым желісі 2010 жылдың 10 қараша айында құрылды. 2010 жылға дейін әрбір факультетке балалар үйі тіркелді және мереке кезінде студенттер оларға барып тұрды.  Ұйымды құру идеясы 2010 жылдың басында болды. Нақты айтқанда, әл Фараби атындағы ҚазҰУ биалогия факультетінің студенттерін Қаскелен қаласының №1 балалар үйіне мерекелік шара ұйымдастырған кезінде. Осыған орай, жастар ұйымын құру идеясы туындады»,-дед ол.

Айта кетейік, волонтерлік желіні құрудың мақсаты, ол – жастар арасында әлеуметтік жауапкершілікті, патриотизмді, көшбасшылықты ояту. Осылайша, бастапқы кезде волонтерлердің саны аз болды, алайда қазіргі күні олардың саны өсуде және бүгінгі күні олар шамамаен 300-ден астам болды.

Сонымен қатар, Қазақстандағы еріктілердің терең тамыры бар. Қазақстанда халықаралық еріктілер ұйымдары жұмыс істейді, мысалы БҰҰ еріктілері, VSO, Корпус Мира және тағы басқалары.

Индира Қауметова