Ақтөбе облысында Жер кодексін түсіндіру бойынша Call-орталық ашылды

11 Мамыр, 2016 19:53
Ақтөбе облысында Жер кодексін түсіндіру бойынша Call-орталық ашылды, деді Жер қарым-қатынасының облыстықбасқармасының жетекшісі Қабай Сәрсенғалиев.

Оның айтуынша, аймақта өз жұмысын бастаған Call-орталықтың негізгі мақсаты облыс тұрғындарына жер заңнамалары ережелерін түсіндіріп, жедел ақпарат беру.

Шұғыл желі осы аптада жұмыс істей бастады. 544-464 байланыс телефонына қоңырау шалу арқылы тұрғындар өздерін қызықтырған сауалдарға толық жауап ала алады.

“«Шұғыл желі» аптасына жеті күн сағат 8-00-ден 20-00-ге дейін қызмет етеді. ҚР Жер Кодексіне енгізілген өзгертулерге тұрғындар тарапынан болған қызығушылық осындай шұғыл желінің қажеттілігін аңғартып отыр. Мемлекет басшысы Жер Кодексіне енгізілген өзгертулерге мораторий жариялау жөнінде шешім қабылдады. Аймақ басшысы тарапынан аталған өзгертулерді түсіндіру бойынша ауқымды шаралар қолға алынғанымен, ақтөбеліктер тарапынан қызығушылық бәсеңдемей келеді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Call-орталық ашылып отыр”, - деп атап өтті Сарсенгалиев.

 

Барлық жаңалықтар