О.Мецик: Осы жазда қазақстандықтардың көбісі елімізде демалатын болады

11 Мамыр, 2016 19:21
Біз Қазақстанда демалуға үйренуіміз керек, өйткені ол экономикалық жағынан оңтайлы, деп «Туризм индустриясының ұлттық одағы» ЗТБ төраға орынбасары Олег Мецик Strategy2050.kz АА берегн сұхбатында айтып өтті.

«Осы жылы көшпелі туризм түрлі факторлардың күшіне құлағандығы байқалады, біріншіден-бұл девольвация, ол жолдаманы тоқтатып тұрады, екіншіден, түрік бағыты бойынша, ағын ішінара саяси жанжалға байланысты төмендейді. Ең дұрысы, Түркия бағаны төмендетуі мүмкін, ол қазақстандық түристер үшін де төмендеуі мүмкін»,-деді О.Мецик.

Сонымен қатар ол өз сөзінде, осындай жағдайдын орын алуына орай, қазақстандық туризм серпініске ие бола бастады деп айтып өтті.

«Біз «Бурабай», «Зеренді» демалу орталығының қонақүйлері тола бастағанын байқадық. Ішкі туризмнің өсуі байқалуда. Ендігі күні, біздің кәсіпкерлердің көлемге орай, бағаны көтермегені маңызды. Барлықтарыңыз білетіндей, біздің туризм толық жыл бойы жұмыс істемейді, олар тек жаз айлары мен демалыс күндері ғана жұмыс істейді. Біздің туризмнің мәселесі жұмыстың көп болмауында»,-деді О.Мецик.

Оның айтуы бойынша, «Бурабай» қонақжайы қолжетімді бағаны ұсынады.

«Бурабайда» ашық мысалдар бар, қонақжай қолжетімді бағаны ұсынады. Мысалы, тәулігіне тамағымен, ойын-сауығымен  бірге 8 мың теңге. Біз Астана қаласында балалармен ойын-сауық жерлеріне барып демалу үшін 15-20 мың теңге кететінін білеміз»,-деді сарапшы.

Жалпы О.Мециктің айтуынша, «туризмді жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Алайда, аймақтарға жағдай жақсы емес, ол жерде кәсіпкерлер өздеріне жұмыс істеуде».

Сондай-ақ, ол өз сөзінде Астанада «Астана Конвеншн Бюро» жобасының енгізілгендігін айтып өтті. Ол Елорданы дамытуға құрылған.

«Қазақстанға келген туристерге сапалы қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. 1-1,5 жыл ішінде жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін береді деп сенеміз. Әрине, қызмет көрсету деңгейі соншалықты жоғары болмайды, дегенмен ол әлдеқайда жақсара түседі. Сондай-ақ, аймақтарда тәжірибене қолдана бастайды деген сенімдеміз»,-деді О.Мецик.

Маманның айтуы бойынша, біз қазақстанда демалуға үйренуіміз керек.

«2014 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтар 500 млн АҚШ долларынан астам ақшаны шетелге жұмсайды. Егер осы қаражат Қазақстанда жұмсалса, онда ол біздің туризмге инвестициялануға септігін тигізеді. Өздерініз түсініп тұрғандай, туризм көмек беру арқылы құрылады: жұмыс орындар, жоғары қызмет, көліктің дамуы, бизнес, ауыл шаруашылығы. Жалпы, жақсы тенденциялыр көрінді, ендігі кезде оны қолдан шығарып алмау. Егер оларды дұрыс қолдансақ, онда бір-екі жылдан кейін жақсы инфрақұрылымды аламыз. 2017 жылы автобандардың құрылысы аяқталады.Осы жыл пилоттық болады деп сенеміз»,-деді О.Мецик.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар