- Басты
- Жаңалықтар
- ҚТЖ жаңа онлайн қызмет енгізді
ҚТЖ жаңа онлайн қызмет енгізді
«Бұл Компания мен Банк серіктестігі аясында табыстылықпен іске асырылған екінші жоба. Былтыр клиенттердің бірыңғай дербес шоттарына онлайн режимінде ақша аудару сервисі іске қосылды. Қазіргі уақытта біз жүктерді тасымалдау бойынша қызметтерге Банктің корпоративтік карталарымен төлеу бойынша сервисті іске қосудамыз. Менің ойымша, Компания мен Банктің өзара тиімді серіктестігін дамыту қызмет көрсету сапасының өсуіне, клиентке бағдарлануды ұлғайтуға көмектеседі», -деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» - АҚ вице-президенті Мақсат Қабашев.
Банктің корпоративтік карталарымен төлеу жүк жөнелтушілерге төлемдерді тез, ыңғайлы және қауіпсіз түрде тәуліктің кез келген уақытында, демалыс және мереке күндері жүргізуге мүмкіндік береді. Банктің корпоративтік карталарын пайдалану тиімді әрі ыңғайлы: жүк жөнелтуші Қазақстан бойынша қай аумақта болғанына қарамастан, ақша оның бірыңғай дербес шотына жедел түрде аударылады.
Қазақстан Халық банкінің басқарма төрағасының орынбасары Жаннат Сатубалдина атап өткендей,«осы жолы біз жүк жөнелтушілердің логистикалық жұмысын жетілдіру үшін жаңа өнімді құрдық, өйткені оларда демалыс және мереке күндері жедел төлемдер мен қосымша төлемдерді жүргізу мәселелері жиі туындайды. Банктің корпоративтік картасын демалыс күндері белгілі ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасқан Банк бөлімшелеріндегі POS-терминалдар арқылы толықтыруға болады, әдеттегідей, олар демалыссыз жұмыс істейді».
Қызметтерге төлеу және жүк жөнелтушілердің шоттарына ақша аудару бойынша онлайн–сервис ұтқырлық пен уақытты бағалайтындар үшін арнайы құрылған.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды