- Басты
- Жаңалықтар
- В.Матвиенко: Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етуі ұйымның дамуына серпін береді
В.Матвиенко: Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етуі ұйымның дамуына серпін береді
Тараптар қос мемлекет президенттерінің салиқалы саясатының арқасында қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік жайына айрықша назар аударды.
Кездесу барысында Еуразиялық Экономикалық Одақ мәселесі әңгіме өзегіне айналды.
Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның осы жылы ЕАЭО-на төрағалық ететінін алға тартып, Қазақстан Президентінің 2016-жылды «ЕАЭО-ның үшінші елдермен және маңызды интеграциялық бірлестіктермен экономикалық қатынастарды тереңдету жылы» деп жариялау ұсынысын жеткізді.
Өз кезегінде В. Матвиенко Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамашылығымен құрылған Еуразиялық Экономикалық Одақ бағытында Ресейдің Қазақстанмен толықтай ниеттес екендігін, экономикалық байланысты тереңдету жылы ретіндегі ұсыныс ынтымақтастықты күшейткісі келетін елдерге дер кезінде жасалған белгі екендігін айтты. Және мейман біздің еліміздің төрағалығы аталған одақ жұмысына тың серпін беретіндігіне сенімді.
Сонымен қатар, халықаралық парламентаралық байланыс жайы да тараптар назарынан тыс қалмады. Осы ретте ТМД Парламентаралық Ассамблеясының елдер арасындағы модельдік заңдарды үйлестірудігі маңыздылығын сөз еткен М. Матвиенко осы жолда Қазақстан Парламенті депутаттарының да үлесі зор екендігін, бұл жұмысты одан әрі белсенді жалғастыру керектігін айтты.
Ал, Парламентаралық ықпалдастық жайына келсек, Мәжілісте Ресей Федерациясымен ынтымақтастық жөніндегі топ, сондай-ақ, РФ Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасымен палатаралық парламенттік комиссия жұмыс істейді.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Е.Өстеміров: Тексерулерге енгізілген мораторий жемқорлық қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба қандай нәтиже береді -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Қазақстанда ғылымның дамуына әсер еткен жаңа технологиялар