- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері Армия ойындары байқауының соңғы кезеңдерінен өтті (ФОТО)
ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері Армия ойындары байқауының соңғы кезеңдерінен өтті (ФОТО)
2016 жылғы ақпанның 1-і мен наурыздың 25-і аралығында ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу полигондарының аумақтарында Армия ойындарында байқауларды өткізуге тас жолдарды, нысандар мен кедергілерді дайындау өткізілген болатын.
Бірінші кезең ішкі іріктеу болды. Оған 300 бірлік әскери техника тартылды және 6000-ға жуық әскери қызметші қатысты. Екінші кезең өңірлік қолбасшылықтар арасында өткізілді. Іріктеу сайысы барысында 2100 әскери қызметші және 200-ге тарта бірлік әскери техника қатысты. Үшінші кезең Құрлық әскерлері шеңберінде аяқталды. Оған шамамен 120 бірлік әскери техника тартылды және 1000-ға жуық әскери қызметші қатысты.
ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің барлық бөлімшелері жарысты 16 байқау бойынша аяқтады.
Бұл «Танк биатлоны», «Мерген шебі», «Десанттық взвод», «Артиллериялық атыс шеберлері», «Әскери-медициналық эстафета» және тағы басқа байқаулар.
Әрбір байқау бірнеше кезең бойынша өтті. Онда барлық қатысушылар әртүрлі кедергілерді еңсерді, қойылған тапсырмаларды орындады және өздерінің жауынгерлік даярлықтарын паш етті. Барлық өткізілген байқауларда қатысушы жеңімпаздар анықталды.
Осы аптада сайыстың халықаралық кезеңіне дайындық басталады. Ал үздік әскери қызметшілер тартысты Ресей Федерациясында жалғастырады. Ондағы дүбірлі додада қарсыластары отандастары емес, шетел армиясының әскерилері болмақ.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы