- Басты
- Жаңалықтар
- БЖК-2020: Маңғыстау облысында мемлекеттің қолдауымен балабақша ашылды
БЖК-2020: Маңғыстау облысында мемлекеттің қолдауымен балабақша ашылды
Алдымен журналистер Ақтау қаласындағы «Happy Garden» балабақшасында болды. Кәсіпкер Әсемгүл Қоданова бұрыннан жеке бизнес ашуды, жеке балабақша қызметін ұйымдастырумен айналысуды көздеген. Көп жылдық тәжірибесі бар оның педагог анасы да қызының барлық мақсатының орындалатына сенім білдірді. Әсемгүлдің өзі есепші болып жұмыс істеді. Сондықтан ол кәсіпорынның табысты болатынын оңай болжай алды.
«Мен арманымның орындалып, балабақша ашып жатқаным үшін өте қуаныштымын. Жобаны жүзеге асыру туралы мәселе қозғалғанда, «Даму» қорына барып, апта сайын кәсіпкерлермен өтетін кездесуге қатысып отырдым. Қор қызметкерлері кеңес беріп, бизнес-жоспарды құруға, банкке қажетті барлық құжаттарды жинауға көмектесті. Несиенің бір бөлігін кепілге мүлік беру арқылы алдым, ал қалған жетіспеген қаражат бөлігіне «Даму» қорының кепілдігін пайдаландым», - деді кәсіпкер Әсемгүл Қоданова.
«Happy Garden» жалпы көлемі 600 шаршы метр болатын екі қабатты үйде орналасқан. Балабақша жалпы саны 100 балаға дейінгі 4 топқа есептелінген. Қазіргі уақытта 3 топ қана жұмыс істеп тұр. Кәсіпкер «Балапан» бағдарламасының қатысушысы болғандықтан, әрбір 3 жастан асқан баланың ата-анасы төлейтін ақының бөлігін мемлекет тарапынан алады, және балабақшаға төлейтін ай сайынғы ақы да айтарлықтай қолжетімді. «Happy Garden» балабақшасының тағы бір артықшылығы – кіші топқа балаларды 1,5 жастан бастап қабылдайды. Болашақта 5 жастан 7 жасқа дейінгі дайындық топтары ашылатын болады.
Әсемгүл «Даму» қоры жанындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығына хабарласу арқылы мемлекет тарапынан көрсетілетін бизнеске қолдауды қаржылай және кепілдік есебінен алу мүмкіндіктері туралы толық кеңес алды. Сол жерде жоба бойынша бизнес-жоспар жасақталды. Аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін «Ресей жинақ банкі» АҚ ЕБ-ден банктік қарыз алынады. Кәсіпкер қарыздың 73%-ын құрал-жабдықтар мен жиһаздар алуға, ал 23%-ын нысанның іші мен сыртын жөндеуге жұмсайды.
Бірыңғай бағдарлама аясында ғимаратқа безендіру жұмыстарын жүргізу үшін несие сомасының 75%-ы көлемінде «Даму» қорынан кепілдік алды. Қарызға алынған қаражат жылдық 14% есебімен алынды, оның ішінде 7%-ын кәсіпкер төлесе, қалған 7%-ы мемлекет есебінен қаражаттандырылады. Маңғыстау – Қазақстандағы жоғары демографиялық көрсеткіші бар облыстардың бірі. Мемлекеттік балабақшалардағы орын саны шектеулі. Кезекте тұрған балалардың барлығын балабақшамен қамту мүмкін емес. Осыған байланысты «Happy Garden» аймақ үшін әлеуметтік маңызы бар жобаның бірі болып табылады.
«Happy Garden» балабақшасының ашылуы арқасында 22 адам жұмыспен қамтылды.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр