- Басты
- Жаңалықтар
- 2016-шы жылы Ақтөбе облысының барлық аудан орталықтары газдандырылатын болады
2016-шы жылы Ақтөбе облысының барлық аудан орталықтары газдандырылатын болады
Оның айтуынша, қазіргі уақытта 375 елді мекеннің тек 100-іне газ тартылған, онда облыс халқының 694 мыңы немесе 84% тұрады.
«Мемлекеттік салалық бағдарламаларды жүзеге асыру барысында соңғы 3 жылда елді мекендер мен тұрғындарды орталықтандырылған су, жылу және газ жүйесіне қосу орта есеппен 15 %-ға артты. 2015 жылы бюджеттік қаражат есебінен Ырғыз ауданының Ырғыз ауылына газ құбырын тарту жұмыстары аяқталды, Мұғалжар ауданының Ақкемер ауылы мен Алға ауданының Қарақұдық ауылына газ желісі жүргізілді. Инвестициялық қаржының есебінен Ойыл ауданының Ойыл ауылында, Әйтеке би ауданының Комсомол ауылында, Қарғалы ауданының Қос-Естек ауылында, сонымен бірге Ырғыз ауданының Ырғыз ауылында ауыларалық газ құбыры тартылды», - деп хабарлады Жаңабай Бексары.
Оның айтуынша, 2016 жылы бюджет қаржысы есебінен Мәртөк ауданының Жайсаң ауылына газ тарту жұмыстары аяқталады. Сонымен бірге, Әйтеке би ауданының Комсомол ауылы, Ойыл ауданының Ойыл ауылы, Қарғалы ауданының Қос-Естек ауылы, Мұғалжар ауданының Талдысай, Еңбек, Алтынды ауылдары, Алға ауданының Үшқұдық, Хромтау ауданының Аққұдық ауылында жалпы құны 14,9 миллиард теңге болатын 12 жоба жүзеге асырылмақ. Ақтөбе мен Қандыағаш қалаларында автоматтандырылған газ реттеу станциялары салынады. Осылайша, 2016 жылдың қорытындысы бойынша, барлық 12 ауданның орталықтарына көгілдір отын жеткізіледі.
Жалпы, 2016-2019 жылдарға арналған газбен қамтамасыз ету Жоспарына сәйкес, 2020 жылға қарай тағы 116 ауылдық елді мекен газбен қамтамасыз етіледі, нәтижесінде тұрғындардың 95 % газ пайдаланатын болады.
Сонымен қатар, алдағы 4 жылда 141 ауылдық елді мекенде жалпы құны 58,4 миллиард теңге болатын сумен қамтамасыз ету және су жеткізу жобалары жүзеге асрыылмақ. Бұл өз кезегінде елді мекендердің 81%-ы, халықтың 99% сумен қамтамасыз етіледі дегенді білдіреді.
Өз кезегінде, Жаңабай Бексары айтып өткендей, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында негізгі мәселе негізгі қордың техникалық жағдайы, бүгінгі таңда сумен жабдықтау қондырғыларының тозығы 49%, су жеткізу жүйесінің тозығы – 62 %, жылу мен электр жеткізу жүйесінің тозығы 61 % құрайды.
«Осы және өзге де мәселелерді шешу мақсатында біз мемлекеттік - жекеменшік серіктестік аясында, халықаралық қаржылық институттардың, екінші деңгейлі банктердің, сонымен бірге жеке инвесторлардың қатысуымен шешкіміз келеді», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары. Оның айтуынша, аталған бағыттарда жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді