• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК ЕАЭО елдерімен ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету бойынша міндеттемелердің жүзеге асырылуын қарастырды

ЕЭК ЕАЭО елдерімен ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету бойынша міндеттемелердің жүзеге асырылуын қарастырды

11 Мамыр, 2016 16:17
Еуразия экономикалық комиссиясының отырысында ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешенінің министрі Сергей Сидорскийдің 2013 жылғы ауыл шаруашылығының мемлекеттік қолдауы және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік саясатқа шолу мен ЕАЭО елдерінде 2014 жылғы ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау есебі талқыланды.

ЕЭК-пен дайындалған құжатта құрылым мен аграрлық саланың қаржылық бюджетінің деңгейі, қызмет бағытының динамикасының қолдануы, инвестициялық дамуы бар.

Шолу барысында ерекше назар түрлі экономикалық жағдайда мемлекеттік-мүшелердің ауыл шаруашылық қызметінің салыстырмалы бағасына бөлінді.

С. Сидорский айтып өткендей «сіздерге ұсынылып отырған есеп жұмысы мен шолу мемлекеттін тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді, ауыл шаруашылығы субсидиялар тетіктерін жақындастыру бағытында жұмыс істеуге және мемлекеттік қолдаумен өнеркәсіп бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында өзара іс-қимылын жалғастыра алады».

Қарау нәтижесі барысында Одақ елдерімен ауыл шаруашылына мемлекеттік қолдаудың шарттары мен көлемдері бойынша міндеттемелер қарастырылды. ЕЭК коллегиясы ұсынылған құжатты қабылдап, ЕАЭО мемлекетінің үкіметіне жіберу туралы шешім қабылдады. 

Барлық жаңалықтар