- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев: парламенттік диалог – Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігінің маңызды құрамдас бөлігі
Қ.Тоқаев: парламенттік диалог – Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігінің маңызды құрамдас бөлігі
Қазақстан мен Ресей қарым-қатынастарының өзекті мәселелері, еуразиялық ықпалдастықты дамыту және әлемдік ахуал талқыланды. Жүздесушілер Қазақстандағы және Ресейдегі реформаларды заңнамалық тұрғыда қолдау, экономикадағы дағдарыс беталыстарын еңсеру, сонымен қатар шекара маңындағы ынтымақтастықты өрістету мәселелері бойынша пікір алмасты. Қ.Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан және Ресей сияқты етене жақын елдер үшін заң шығарушы органдардың төрағалары деңгейінде ұдайы пікір алмасып, кеңесіп отыру аса маңызды.
Бұл, әсіресе, қазіргі әлемдегі күрделі жағдайда өте қажет. Осы орайда, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің парламенттік өлшемі айрықша рөл атқарады, деді Сенат Төрағасы. Қ.Тоқаев сонымен қатар «Қазақстан мен Ресей – өзара тиімді ынтымақтастық, адамдар арасындағы достық байланыстар, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік пен экономикалық ықпалдастықты дамытуға бар күш-жігерін салып отырған стратегиялық әріптестер әрі одақтастар», - деп атап өтті.
Сенат Төрағасының пікірінше, Мемлекет басшылары Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путин қол қойған және екі елдің парламенттері ратификациялаған ХХІ ғасырдағы тату көршілестік және одақтастық туралы келісімшарт соның берік негізі болып табылады. Келіссөзден кейін Ресей Федерация Кеңесінің Төрағасы Қазақстан Сенаты депутаттарының алдында сөз сөйледі. В.Матвиенко сөзінің басында қазақстандық әріптестерін Қазақстан Парламенті Мәжілісі сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Ол «Сайлау нәтижесі ынтымақтас Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуіне, Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастамашы болған экономикалық реформалардың жалғасуына жәрдемдесетініне» сенім білдірді.
Ресей парламенті жоғарғы палатасы төрағасының пікірінше, кейінгі жылдарда Еуразиялық экономикалық одақ қызметінің басталуы Ресей мен Қазақстан қатынастарындағы басты оқиға болып отыр, оны құру туралы шартқа Астанада қол қойылған болатын. В.Матвиенко: «Соңғы он жылдықта ТМД және тіпті күллі Еуразия кеңістігінде ЕАЭО ең ауқымды ықпалдастық жобасы болды», деп атап өтті. Оның сөзінде халықаралық және аймақтық негізгі мәселелер бойынша екі ел ұстанымдарының ұқсастығы немесе жақындығы халықаралық аренадағы ауқымды ынтымақтастық үшін шынайы негіз жасайтыны аталып өтілді.
В. Матвиенко аймақтық және аймақаралық ықпалдастық жобаларын ұштастыру үдерістерін қолдау үшін, сондай-ақ тең құқықтылық қағидаттары мен өзара мүдделерді ескеруге негізделген қажетті құқықтық базаны қалыптастыруға Ресей мен Қазақстанның, Еуразияның басқа елдерінің заң шығару органдары көптеген істерді атқара алатынына сенім білдірді. «Заң шығару жұмыстарымызда, парламентаралық ынтымақтастықты дамытуда бізге адамдардың мүдделерін, Ресей мен Қазақстан азаматтарының мүдделерін бірінші орынға қою керек, - деді Федерация Кеңесінің басшысы. – Тек солардың бағасы ғана бәріміздің қызметіміздің тиімділігінің көрінісі болып табылады». В.Матвиенко Ресей парламентшілерінің Астанада 31 мамырда өтетін «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясына қатысу жоспары туралы да хабарлады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция