- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның әскери мектептерінде тәрбиеленушілер «Сардар» ІІІ республикалық олимпиадада үздік атақ үшін бақ сынайды
Қазақстанның әскери мектептерінде тәрбиеленушілер «Сардар» ІІІ республикалық олимпиадада үздік атақ үшін бақ сынайды
Оған әскери мектептердің, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің, жалпы білім беретін мектептердің 60-тан аса оқушысы қатысады. Олимпиада 2 кезең бойынша өтеді. Теориялық кезең – математика, физика, қазақ және орыс тілдері, алғашқы әскери дайындық пәндері бойынша тестілеу.
Практикалық кезең – алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру, жеке саптық даярлық, АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және құрастыру, 1 000 метрге жүгіру, 100 метрге жүгіру және белді қатайту бойынша нормативтерді орындау. Бұдан өзге, алғашқы әскери дайындық оқытушыларына арналған «Қазақстан мектептерінде алғашқы әскери дайындықты оқытудың заманауи әдістері» атты тақырыпта семинар өтеді.
Олимпиадаға қатысушылар Құрлық әскерлерінің әскери институтына саяхат жасап, құрметті қарауыл ротасының қойылымын көреді, сондай-ақ оларға ҚР Ұлттық музейін аралауды ұйымдастыратын болады. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы «Сардар» республикалық кешенді олимпиадасының байқау қорытындысы бойынша Гран-при «Жас ұлан» республикалық мектебіне берілген болатын. Олимпиада еліміздегі азаматтық және әскери мектеп түлектерінің интеллектуальдық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ әскери қызмет пен Қарулы Күштердің беделін арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар, бұл олимпиада жасөспірімдердің Қазақстанның жоғары әскери оқу орындарына түсуге даярлығына жүргізген өзіндік тексеруі болды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары