- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы шамамен 2 мыңнан астам қазақстандық әйел «жасыл кәсіпкерлікке» оқытылады (ФОТОРЕПОРТАЖ)
2016 жылы шамамен 2 мыңнан астам қазақстандық әйел «жасыл кәсіпкерлікке» оқытылады (ФОТОРЕПОРТАЖ)


Ақмола облысы Арнасай ауылында орналасқан «Жасыл технология» халық академиясында жұмыссыз әйелдерге арналған семинар-тренинг басталды. Семинардың бірінші бөлімін Қарағандылық әйел ашты, ол ауылдағы әйелдердің басты кәсіпкерлігін анықтаған.


Аталмыш семинар аясында, ұйымдастырушылар Қазақстанда «жасыл» жобаларының тәжірибесін насихаттамақ, сонымен қатар қоғам арасында «жасыл» технологияны тиімді қолдануды, тыңдаушыларды тәжірибелік әрекет арқылы «жасыл» бизнесті енгізуді оқытады.


Туындайтын алғашқы сұрақ: «Неге әйел адамдар?». Ауылда әйелдер әлсіздігі көп, жұмыссыздық дамыған, сол себепті ұйымдастырушылар әйелдерді таңдады. Жұмыссыз отырған әйелдер тез арада кәсіпкер болады, олар экологиялық таза өнімдерді шығарады. Осылайша, 3 жыл ішінде Алматы мен Ақмола облысының 5 мың әйелі оқытудан өтті. Бүгінгі күні 21 әйел грант алады, олар 50 мың жұмыс орнын құрды.

Осылайша, тренинг барысында қатысушылар тиімділігін есептеу бойынша практикалық білім алды және түрлі инновациялық технологияларда түрлі жұмыс істеу түрлерін үйренді.

G-Global «Жасыл» экономика және даму коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменовтың хабарлауынша, ағымдағы жылы ұйымдастырушылар 2 мыңнан астам қазақстандық әйелді «жасыл кәсіпкерлікке» оқытуды жоспарлауда.


«2016 жылы біз 2 мыңнан астам қазақстандық әйелді «жасыл кәсіпкерлікке» оқытуды жоспарлаудамыз, олардың ішінде 10 әйел грант алады, сондай-ақ қалған әйелдерге ұсыныс береміз, оның барлығы ЖҚЖ 2020 мен БЖК 2020 мемлекеттік бағдарламаларында сүйемелдеу үшін»,-деді ол.


Айта кетейік, «жасыл технология» халық академиясы кәсіпорындардың бюджетке түсетін салмағын азайтуды талқылауға арналған тәжірибелік үнқатысу алаңын құруға және бюджеттік қаражатты жұмылдыруға мүмкіндік береді. Академияның ашылуынан бастап еліміздің барлық аймақтарының 1000-нан астам тыңдаушысы, сонымен қатар алыс және жақын шетелдіктер оқытудан өтті.

Орталық 20-дан астам «жасыл» технология түрімен қамтылған, олар пиролизді жылыту, күн понеллі, коллектор, құдықтар мен сорғыштар, жарықдиодты және фитодиодты жарық, сенсорлы кран, энерго үнемділік терезесі және т.б.

Орталық базасында 2 қазіргі заманғы жылыжай жұмыс істейді. Бұл күн биовегетары. Ол жерде жыл сайын экологиялық таза көкеністер өсіріледі.
Сонымен қатар, G-Global «Жасыл» экономика және даму коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рахимбекованың хабарлауынша, осы жылы Аршалы ауданының тұрғындары үшін 100-ден астам үйді қамтамасыз ететін көөкеніс өнімдері өсіріледі.


«Біз осы жылы 100 әйелді шағын отбасылық бизнеске жұмылдыратын үлкен жобаны іске асыруды жоспарлаудамыз. Біз оларға қызанақ, қияр және басқа да өсімдіктердің элиталық тұқымын береміз, сондай-ақ агро талшықтарды, гидрогельдерді береміз, оның барлығы экологиялық таза өнім алу үшін және 1,5-2 есе көп өнім алу үшін жасалуда, ал күз айында олардан барлығын сатып алып, «KZ ORGANIC» жазуымен Астананың сауда орталықтарына жеткізу жоспарлануда»,-деді ол.

Оның айтуы бойынша сауда орталықтарымен желілерді орнату үшін қазірден бастап меморандум жасалуда.




«Жасыл технологияны» дамытуда салауатты болашақ ел мен халық тұрғандығын нақты сеніммен айтуға болады.
Индира Қауметова
Фото: автор
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда