Мемлекет басшысы Тараздағы «Інжу» білім беру кешенін аралады

21 Қараша, 2013 18:12
Мемлекет басшысы Жамбылдағы жұмыс сапарында Тараз қаласындағы «Інжу» білім беру кешенін аралады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысына өңірдегі мектепке дейінгі және орта білім беру саласының дамуы, білім беру нысандары салуға бағытталған бағдарламаның негізгі нәтижелері таныстырылды. Елбасы облыстағы апаттық жағдайдағы мектептер мен үш ауысымдағы мектептердің мәселесін шешудің жүйелі жұмыстарына назар аударды», - делінген хабарламада.

«Інжу» білім беру орталығы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде «Балапан» бағдарламасы аясында салынды. Оған 280 орындық балабақша мен 80 орындық мектеп-гимназиясы кіреді.

12 топ пен 4 сыныптан тұратын кешендегі оқыту жүйесі қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүреді. Аталмыш білім беру орнында 12 ұстаз бен 36 тәрбиеші қызмет етеді.

Екі қабатты 3 корпустан тұратын құрылыс барысында 128 жұмыс орны ашылып, бас-аяғы 650 млн теңге жұмсалған.

Барлық жаңалықтар