- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасының бітімгерлік бастамалары Нью-Йоркте өткен БҰҰ-ның тақырыптық пікірталастарында талқыланды
Елбасының бітімгерлік бастамалары Нью-Йоркте өткен БҰҰ-ның тақырыптық пікірталастарында талқыланды
Биылғы талқылаудың тақырыбы «Тәуекелдер әлемінде: бейбітшілік үшін жаңа міндеттемелер» болды. Планетадағы ахуалдың дамуына жалпы шолу жасаумен бірге пікірталастарға қатысушылар, бітімгершілік, бейбітшілікті нығайту, қарулы қақтығыстардағы және бейбіт жағдайлардағы гендерлік мәселелер, сондай-ақ қауіпсіздіктің тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғаумен өзара байланыстары секілді бейбітшілік пен қауіпсіздіктің тақырыптық мәселелерін талқылады.
Пікірталастардың жоғары деңгейдегі сессиясында БҰҰ БА Төрағасы Могенс Лүккетофт, БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Ян Элиассон, Индонезияның бұрынғы президенті Сусило Бамбанг Юдойоно, Либерияның белгілі қоғам қайраткері мен 2011 жылғы Нобель атындағы бейбітшілік сыйлығының лауреаты Лейме Гбови, Араб мемлекеттері лигасының VI Бас хатшысы Әмір Мұса және 25 БҰҰ мүше мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері қатысты.
Өз сөзінде Е. Ыдырысов, мәртебелі халықаралық аудиторияны талқыға салынған тақырыптық мәселелерге қатысты Қазақстанның ұстанымдарымен таныстырды. Сыртқы саяси мекеменің басшысы пікірталасқа қатысушылардың назарын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің негізгі қағидаларына, сондай-ақ, өзге де соғысқа, ядролық қаруға және терроризмге қарсы күресу жөніндегі бастамаларына аудартты. Бұл бастамалар, еліміздің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі күш-жігерінің түйіні болып табылады және оның халықаралық қоғамдастықтың сенімді әріптесі ретіндегі беделін растайды.
“Ядролық қарудан азат әлем бағытында алға басу халықаралық қауымдастыққа жай қару-жарақтарды қысқарту бойынша жұмыс үшін қажетті тиімді тетіктер береді. Осындай қадамдар әскери шығындарды әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешу үшін жұмсауға жол ашады”, - деп атап өтті осы орайда Е. Ыдырысов.
Пікірталасқа қатысу аясында қазақстандық делегация сондай-ақ, террорлық ұйымдардың бірыңғай тізімін және халықаралық терроризмге қарсы күресу мәселелері жөніндегі келістірілген терминологияны бекіту сияқты Елбасының антитеррорлық бастамаларының топтамасын іс жүзіне асыру міндеттерін шешумен де шұғылданған болатын. Бұл саладағы БҰҰ-ның әмбебап құжатты қабылдауға шығу және ұйым аясында Терроризмге қарсы жаһандық коалиция мен желінің құрылуы - бұл жұмыстың нақты мақсаттары болып табылады.
«Біз барлық БҰҰ мүше-мемлекеттерін Терроризмге қарсы жаһандық коалиция (желі) және тиісті қылмыстарды жасауға жауапты адамдарды жауапкершілікке тартудың баршаға ортақ механизмдерін қалыптастыру туралы қазақстандық ұсыныстарға қолдау көрсетуге шақырамыз», - деп атап өтті министр.
Осыған қатысты мәселелерді Е. Ыдырысов БҰҰ Терроризмге қарсы комитетінің атқарушы директоры Жан-Поль Лабордпен және БҰҰ Терроризмге қарсы іс-шараларын іске асыру жөніндегі мақсатты топтың басшысы Джахангир Ханмен болған кездесулерде талқылады.
Е. Ыдырысов, сондай-ақ, БҰҰ-ның мәртебелі қонақтары үшін БҰҰ БА Төрағасы M. Лүккетофт «Келесі Бас хатшысы тәуекелдер әлемінде: болжалдар мен ақиқат» тақырыбы бойынша министрлер деңгейінде ұйымдастырған іс-шараға қатысты. Осы іс-шараның барысында отандық сыртқы саяси ведомствоның басшысы бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген көкейкесті сындарды талқылау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі болып сайланды. Қазақстан тарапының үйлестіруімен істеген топқа қатысушылар БҰҰ-ның қажетті және сенімді құрылым болып қалуы үшін ұжымдық қауіпсіздіктің жаһандық архитектурасын бүгінгі сындар мен қауіп-қатерлерге бейімдету жолдары бойынша пікір алмасып, келесі Бас хатшының осы үдерістегі рөлін талқылады. Жұмыс тобы оның осы мақсатта БҰҰ Жарғысының 99-шы бабын белсендірек іске қосу қажеттілігіне назар аударды. Бұл бап, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Бас хатшының пікірінше қауіп төндіретін кез-келген мәселелерді Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына енгізу құқығын ескереді.
ҚР СІМ басшысының Нью-Йоркке жұмыс сапарының басты міндеттері қатарында сондай-ақ, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-18 жылдарға тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын ілгерілету және халықаралық қауымдастықты мемлекетеміздің осы беделді орган аясында жұмысқа қатысты басымдықтарымен таныстыру болды. Осыған байланысты Е. Ыдырысов, тақырыптық пікірталастардың аясында әлемнің түкпір-түкпірінен келген әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас -
Елордада ЖОО-лардағы білім сапасын арттыру мәселесі талқыланды -
А.Райымқұлова: Құжат - ЮНЕСКО жүйесiнде Қазақстанның бастамаларын iске асыруға ықпал етпек -
Сайлау-2021: Жас жұбайлардың, аттылардың сайлауға қатысуы желіде қызу талқыланды
-
Шолу: 2020 жылы өткен әлем елдеріндегі парламент сайлауы -
Үкімет отырысында су ресурстарын тиімді пайдалану мен үнемдеу мәселесі талқыланды -
ҚР Тұңғыш Президенті күні: Н. Назарбаевтың үздік бастамалары мен пайдалы шешімдері -
«Елбасы бастамалары халықтың игілігіне қызмет етіп келеді»: сарапшылар пікірі -
Қазақстан полициясындағы реформалар: өткені мен бүгіні -
Жоғары оқу орындарындағы білім сапасы талқыланды -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа әдіс-тәсілдер талқыланды