- Басты
- Жаңалықтар
- «KADEX-2016» көрмесінде жетілдірілген броньды техникалардың жаңа үлгілерін көрсетеді (ФОТО)
«KADEX-2016» көрмесінде жетілдірілген броньды техникалардың жаңа үлгілерін көрсетеді (ФОТО)
Атап айтқанда, броньдалған жөндеу көшіру транспорттық көлігі (БРЭТМ) мен конверсиялық дөңгелекті техника. Броньды жөндеу машинасы далалық жағдайларда техникалық қызмет көрсетуге және броньды транспортерлерді жөндеуге, шынжырлы және дөңгелекті техникаларды тіркеуге алуға, түрлі жүктер мен запастағы материалдық-техникалық заттарды тасымалдауға, сондай-ақ жеке құрамды көшіруге арналған көлік. Конверсиялық дөңгелекті техника зауытта БТР базасында әзірленді.
Бұл техниканың жүру қабілеті жоғары, сондай-ақ күрделі жол жағдайлары мен жолсызда, стихиялық апаттар салдарынан зардап шеккендерді тасымалдау мақсатында қызмет көрсетеді. Оның артықшылығы жайлылығы мен құрылым жүйесінің сенімділігінде. Сонымен қатар, кәсіпорын израильдік «Элбит Системс» компаниясының оқ атуды басқару құрылымымен Т-72А және ресейлік «Ф.Э. Дзержинский атындағы «Уралвагонзавод» ғылыми-өндірістік корпорациясы» АҚ-ның «Сосна-У» оқ атуды басқару құрылымымен Т-72Б жетілдірілген танкілерін көрсетеді. Оларды жетілдірудің мақсаты қазіргі заманғы оқ атуды басқару құрылымын орнату есебінен ату қуатының тактикалық-техникалық және пайдалану сипатын арттыру, ептілік сапасын, қорғануды және командалық басқаруды күшейту болып табылады.
Естеріңізге сала кетсек, «KADEX-2016» көрмесі Астана қаласында ағымдағы жылдың 2-5 маусымы аралығында өтеді. Бұл ретте ең басты мақсаттардың бірі Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешенін белсенді дамыту болып табылады. Бұл көрме Қазақстанның және шетелдің әскери мақсаттағы тауарларын өндірушілердің бірлескен жұмыстарына арналған алаң ретінде қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту үшін қосымша жағдай жасауға мүмкіндік береді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды