• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан туризмінің тасы өрге домалай бастады – ҚР Туризм индустриясы одағы

Қазақстан туризмінің тасы өрге домалай бастады – ҚР Туризм индустриясы одағы

11 Мамыр, 2016 10:14
Қазақстан туризмінің тасы өрге домалай бастады, деп хабарлады «Ұлттық туризм индустриясы одағы» төрағасының орынбасары Олег Мецик Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.

«Биыл сыртқа шығу туризмі түрлі себептермен төмендеп кетті. Біріншіден, бұл жолдамалардың қымбаттауына әкелген девальвация, екіншіден, саяси шиеленістерге байланысты халық көп баратын Түркия бағытының туристері де азая бастады. Түркия биыл қалайда қазақстандық туристер үшін бағаларын төмендетуі мүмкін»,-деді О.Мецик.

Осыған байланысты Қазақстан туризмінің тасы өрге домалай бастады, деп атап өтті ол.

«Біз Ақмола облысындағы «Бурабай», «Зеренді» демалыс аймақтарына халықтың көп барып жатқанын көріп отырмыз. Ішкі туризмнің өсімі байқалады. Енді біздің кәсіпкерлердің ең бастысы бағаны көтермей-ақ дамып алуларына болады. Біздің туризмнің проблемасы жасыратыны жоқ жаз мезгілінде ғана және демалыс күндері ғана жұмыс істейді. Туризм нарығындағы басты мәселеміз халықтың үнемі тарта алмағанымызда»,-деді О.Мецик.

Оның айтуынша, «Бурабайдағы» қонақ үйлер тиімді бағада бірнеше нұсқаларды ұсынып жатыр.

«Егер қонақ үйлер қолжетімді баға ұсынатын болса, «Бурабайды» мысалға алуға болады. Мысалы, тәулігіне тамағы мен қыдыруын қосқанда 8 мың теңге алса. Біз түсінеміз, Астанада СОО-да балалармен қыдырып, демалып қайтуға 15-20 мың теңге ақша шығады. Менің ойымша Қазақстанда жақсы тенденция байқала бастады. Біздің кәсіпкерлер тек қазақстандық өнімді тұтыну мәдениетін жолға қоюлары керек»,-деді сарапшы.

Ботагоз Айтжанова

Барлық жаңалықтар