Ақтөбе облысында 27 ауылдық өндірістік кооператив құрылды

11 Мамыр, 2016 09:57
27 ауылдық өндірістік кооператив Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Ақтөбе облысында құрылды, деп palata.kz хабарлайды.

Естерінізге сала кетейік, өткен жылдың қазан айында «Ауыл шаруашылық кооперативтері туралы» заңға қол қойылды. Заңда құқықтық жағдайы, ауыл шаруашылығы кооперативтері мүшелерінің құқықтары мен міндеттері жазылды.

Заңда жеке шаруашылықтарды тарту арқылы ауылдық ет кооперативтерін құру туралы бағдарламасы қарастырылған. Осы уақыттан бастап Палатаның аудан филиалымен заңды түсіндіру бойынша жұмыс басталды.

«Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен әділет органдарында 26 ауылдық ет, сүт және картоп саласындағы өндірістік кооператив тіркелді. Осы кооперативтердің қатысушылары 35 шаруа қожалықтары, үш  жеке кәсіпкерлер және 888 жеке шаруашылықтар болды. Жалпы алғанда ӘКК-да 3870 ірі қара мал басы мен 59 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы саналды»,- деп ХҚКО ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Сағынғазы Құрманалин айтып өтті.

ӘКК-нің көшбасшысында Байғанин ауданы тұр, ол жерде 5 кооператив құрылған, ал Алғын ауданында шаруалар 4 ӘКК-ге бірікті.

Сонымен қатар, әділет органында 3 ӘКК бойынша құжат тіркеу сатысында тұр. Сондай-ақ, 12 тұтыну кооперативтерінің жетекшілерімен келіссөздер басталды.

Барлық жаңалықтар