«Нұр Отан» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын дайындайды

21 Қараша, 2013 18:10
Еліміздің аймақтарындағы бастауыш партия ұйымдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары күшейтіледі. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес отырысында партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.

 «Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлықтың жолын кесудің және қоғамда оның кез келген көрінісіне ымырасыздық ахуалын қалыптастырудың жүйелік жағдайын жасауы қажет. Бұл тұрғыда, аймақтарға, ондағы бастауыш партия ұйымдарына басымдық танытып, партия мүшелерінің  әлеуетін осы мақсатқа барынша жұмылдыруға тиіспіз», – деді Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, аталған механизм «бастауыш ұйымдардың беделімен қатар, жергілікті жерлерде жүргізілетін сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарының пәрменділігін арттыратын болады».

Қазіргі таңда 16 аймақтық және 225 қалалық және аудандық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес тиімді жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары  партияның  сыбайластықтың белең алуын, осынау індетті тудырушы себеп-салдарды жоюға бағытталған Сыбайластыққа қарсы ұзақ мерзімді стратегияны әзірлеу қажет деп хабарлады.

«Бұл стратегия партияның жемқорлықпен күрес жөніндегі  Бағдарламасында көрсетілуі тиіс», – деп атап көрсетті Бауыржан Байбек.

 

 

Барлық жаңалықтар