- Басты
- Жаңалықтар
- Экономикалық дамудың заманауи моделі АЭФ алаңында талқыланады
Экономикалық дамудың заманауи моделі АЭФ алаңында талқыланады
Өткен жылғыдай, биыл да экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары, танымал кәсіпкерлер мен жетекші сарапшылар форумның негізгі спикерлері болмақ, деп хабарлады АЭФ ресми сайты.
Дүние жүзінің барлық елдері сезіп жатқан әлемдік дағдарыстың зардаптары әлемдік қауымдастықтан экономикалық өсу бойынша жаңа тәсілдемелер мен жолдар іздестіруді талап етеді. Қазіргі уақытта экономиканың шикізаттық және дәстүрлі салаларынан пайда табу жолдармен жүргізілетін әртараптандыру үдерісінсіз ұзаққа созылған экономикалық құлдыраумен күресу мүмкін еместігі белгілі. Әрі дағдарыс та инновациялық тәсілдемелер және технологияларды енгізу есебінен, барлық елдерге жаңа нарықтарды игеру және бос тұрған тауашаларды иелену, еңбек өнімділігін арттыру бойынша қосымша мүмкіндіктер ұсынуда. АЭФ-2016 қатысушылары бизнес жүргізуде ашылатын аталмыш мүмкіндіктерді қолдану тәсілдерін талқылайды.
Бұл тақырыптағы пікірсайыстар жоғары деңгейде әрі қызу талқыланбақ, себебі, форум қатысушыларының арасында өз кәсіптерін нөлден бастап, қысқа мерзім ішінде ғаламшардың ең табысты кәсіпкерлер қатарына енген тұлғалар бар. Мұндай тұлғалардың бірі – ғаламтор-сауда саласындағы қытайлық «AliBaba Group» компаниясының негізін салушы, бүгінде ғаламшардағы ең бай адамдардың үздік жиырмалығына енетін Джек Ма. Сондай-ақ, Форумға Халықаралық валюта қорының директор-басқарушысы Кристин Лагард, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти, британдық «The Economist» журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең беделді экономистердің үштігіне кіретін Колумбия университеті Жер институтының директоры Джеффри Сакс қатысады.
Аталмыш қатысушылар Массачусетс технологиялық институтынның экономика профессоры, «Почему одни страны богатые, а другие бедные» әлемдік бестселлерінің авторы Дарон Аджемоглу, АҚШ Президенті Р.Рейган (1981-1989) және Ұлыбритания Премьер-Министрі М.Тэтчердің (1980-1989) кеңесшісі Артур Лаффер, «Война валют» бестселлерінің авторы Сун Хунбин, сонымен қатар, экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары Эдвард Прескотт, Кристофер Писсаридес және Томас Сарджентпен бірге әлемдік қаржылық және экономикалық жүйенің жаңа экономикалық шынайылық жағдайында болып жатқан жаһандық өзгерістерін талқылайды.
Форум шеңберінде дәстүрлі түрде өтетін Қазақстан инвестициялық саммиті мен тұңғыш рет ұйымдастырылғалы тұрған Жекешелендіру жөніндегі Қазақстан форумы өтеді, мұнда қатысушылар қазақстандық экономикаға инвестиция салу мүмкіндіктері туралы ақпарат ала алады. Ұлы Жібек жолы елдерінің форумы жаһандық бастамаларды ары қарай дамыту жолдары туралы түсінік береді. Сондай-ақ, АЭФ-2016 әлемдік экономиканың орнықты дамуы үшін еуразиялық транзиттік және су әлеуеті мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығын дамытудың механизмдері мен құралдарын ұсынады.
АЭФ-тың негізгі және қорытындылаушы іс-шарасы – Пленарлық отырыс болып табылады. Биыл аталмыш отырыс бірінші рет «Қазақстан» орталық концерттік залының ғимаратында өткізіледі. Бұдан өзге, биылғы жылғы АЭФ шеңберінде ірі инвестициялық келісімшарттар және маңызды мемлекетаралық келісімдер мен бастамаларға қол қою жоспарлануда.
Сонымен қатар, қазақстандық бизнес өкілдері үшін шетелдік әріптестер және инвесторлармен арадағы байланысты реттеу мүмкіндіктері туындайды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Экономикалық зерттеулер институтына - 60 жыл -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
ҚР экономикасының дамуы: Экономикалық өсімді ынталандыру үшін қандай шаралар қабылданып жатыр -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 1 бөлім