• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сапарбаев: Жеңіс Күні - біздің халқымыздың қаһармандығы мен ерлігінің символы (ФОТО)

Б.Сапарбаев: Жеңіс Күні - біздің халқымыздың қаһармандығы мен ерлігінің символы (ФОТО)

9 Мамыр, 2016 15:41
Ақтөбеліктер Ұлы Жеңістің 71 жылдығын тойлап өтуде. Соғыс кезінде қаза тапқандарды еске алу салтанатты митингі Ақтөбе облысының барлық жерінде өтеді.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев митингтік шараға және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованы еске алуда «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қоюға қатысты, деп «Ақтөбе ақпарат» ақпараттық орталығы хабарлайды.

Даңқ ескерткіші алаңында соғыс және еңбек ардагерлері, әскери адамдар мен қала тұрғындары жиналды. Жиналғандар Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандарды еске алып, бір минут үнсіздік жариялады.

«9 мамыр-тарихтағы ұлы күн. Бұл мереке баршаларымыз үшін қаһармандық мен ержүректіліктің символы болды. Біз аталарымыз бен әкелеріміздің ержүректігіне басымызды иеміз. Олар біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері сіздердің ерліктеріңізге алғысымызды айтамыз. Өмір жастарыңыз ұзақ болсын», деді аймақ басшысы.

Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін аймақ басшысы Тұңғыш Президент атындағы саябаққа барды. Ол жерде барлық жиналғандармен соғыс туралы театрланған қойылымды тамашалады. Әртістердің қойылымдарынан кейін барлығын әскери ботқа жеуге шақырды.

Ұлы Отан соғысы кезінде Ақтөбе облысынан 122 мыңнан астам адам барған. 36 мың 192 солдат қайтып келмеген. Ақтөбеде аты аңызға айналған 312 атқыштар дивизиясы және 101 атқыштар бригадасы құрылды. 

Барлық жаңалықтар