- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада Жеңіс күнін атап өтуде (ФОТО)
Қызылордада Жеңіс күнін атап өтуде (ФОТО)
Алдымен қан майданнан оралмаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сонан соң облыс әкімі Қ.Көшербаев бастап ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Екінші дүниежүзілік соғысқа Сыр өңірінен 70 мың сарбаз аттанса, соның тең жартысына жуығы елге оралған жоқ. Қазір 64 майдангердің ғана көзі тірі.
«Ұлы Отан соғысы Отаны мен тарихи әділдік үшін жан қиюға дайын қаһарман халқымызды күллі әлемге танытқан қасиетті майдан болса, Ұлы Жеңіс Сіздердің ерліктеріңізді мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Бұл Жеңіс болмағанда, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан да болмас еді. Сондықтан да Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан әрбір ардагерге кейінгі ұрпақ атынан мың мәрте алғыс айтамыз. Сіздер сияқты жеңімпаздардың ұрпағы, халықтар арасындағы достық пен бірлікті қастерлеген аға буынның жалғасы екенімізді әрдайым мақтан етеміз. Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Мұнан соң Жасампаз жасақ шеруі өтті. Бұл жоба биыл қатарынан төртінші жыл жүзеге асып отыр. Жылдағы дәстүрмен биыл да Жасампаз жасақ шеруі жүріп өтті. Ерікті заматтардан құралған шеру сапында Ұлы Отан соғысында шейіт болған, елге оралып қайтыс болған, Семей – Невада, Чернобыль апаты, Ауған соғысы ардагерлеріміздің ұрпақтары, батыр аналар, жастар бар. Бұл бүгінгі ұрпақ зұлмат соғыста кеудесін оқ пен отқа тосқан жауынгер бабаларын ұмытпайтындығының бір көрінісі.
Салтанатты шарада қонақтар мен соғыс және еңбек ардагерлері арнайы дайындалған шатырлардан әскер ботқасынан дәм татты.
-
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Жеңіс күні: Qaharman1945.kz порталы іске қосылды -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
Пандемия жағдайында Наурыз қалай атап өтіледі -
Елордада Салық Зимановтың 100 жылдығы атап өтілді -
ҚР-дағы эпиджағдай: Шекараны кесіп өтудегі өзгерістер, «Ashyq» қосымшасы, 65+ жастағыларды вакцинациялау мәселесі