- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Отан қорғаушылар» монументіне салтанатты гүл қою рәсімі өтті (ФОТО)
Астанада «Отан қорғаушылар» монументіне салтанатты гүл қою рәсімі өтті (ФОТО)
Шараға ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов, соғыс және еңбек ардагерлері, мемлекеттік орган басшылары, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысында қаза болған қазақстандықтарды еске алу үшін жиналған елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.
«Бүгін мерекелік шараға Ұлы отан соғысының 45 қатысушысы құрметті қонақ ретінде қатысты. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан ардагерлердің көңіл-күйі көтеріңкі. Өкінішке орай, жылдан-жылға олардың саны азайып барады. Ардагер аталарымызға денсаулық тілеймін. Балалары мен немере, шөберелерінің ортасында аман-есен жүрсе екен деймін» - деп атап өтті Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Бахтияр Пернебеков.
Бұл күні «Отан қорғаушылар» ескерткішіне 1 500-ге жуық гүл шоқтары қойылды. Гүл қою рәсімі ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің орындауындағы музыкалық шығармалармен сүйемелденді. Шара қатысушыларының жүзінен қуаныш пен толқыныс, ерекше мақтаныш сезімі байқалып тұрды. Қан майданда ерлікпен қаза болған отандастарымыздың рухына тағзым жасалып, бір минут үнсіздік жарияланды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
Елордада «Абай» альбомының тұсаукесері өтті -
Пандемияға 1 жыл: Той-томалақ өткізу көбейе берсе, коронавируспен күресіміз жалғаса береді - пульмонолог -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті