• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның 30-дан астам командасы футзал бойынша Ұлттық студенттік лига ойындарына қатысуда

Қазақстанның 30-дан астам командасы футзал бойынша Ұлттық студенттік лига ойындарына қатысуда

10 Мамыр, 2016 11:32
Астана, Алматы, Көкшетау, Тараз және Шымкент қалаларында «Көктем-Күз 2016» маусымдық футзал бойынша Ұлттық студенттік лига ойындары басталды.

"Аталған жоба елеміздегі жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды бұқаралық спорт түрлеріне баулу мақсатында әзірленген. Спорттық қозғалысқа қолдау көрсету мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде, Қазақстандағы студенттік жастарды тарта отырып, салауатты өмір салтын және бұқаралық спорт түрлерін насихаттау арқылы жүзеге асырылып отыр",- деп ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлайды. 

Айта кетейік, ҰСЛ жобасы жыл сайын танымалдылық алуда және студенттерге халықаралық аренаға шы,ып, өз елінің намысын қорғауға мүмкіндік береді.

ҰСЛ жобасы жүзеге асырылған 2 жылдан бері ойындарға 1000-ға жуық ойыншы және 30 000-нан астам жанкүйерлер қатысты.

Футзал бойынша «Көктем Күз 2016» маусымында ұлттық студенттік лига ойындарына Көкшетау, Тараз, Өскенмен, Семей қалаларындағы жоғары оқу орындары қосылды. Осы ретте, футзал бойынша Ұлттық студенттік ойындарға қатысушы командалардың жалпы саны 37 жоғары оқу орны мен 7 колледжді құрады.

Барлық жаңалықтар