• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық дипломаттар Мәскеудегі Ә.Молдағұлова және Б.Момышұлы атындағы мектептерге барды (ФОТО)

Қазақстандық дипломаттар Мәскеудегі Ә.Молдағұлова және Б.Момышұлы атындағы мектептерге барды (ФОТО)

9 Мамыр, 2016 14:31
Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі және әскери атташата қызметкерлері Ресейдің Мәскеу қаласындағы Кеңес одағының батырлары Әлия Молдағұлованың атындағы № 402 және Зеленоград қаласындағы Бауыржан Момышұлының атындағы №1912 мектептерге барды. Бұл туралы ҚР-ның РФ-дағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық дипломаттар оқушылардың салтанатты түрде сапқа тұруына қатысып, одан кейін батырлардың бюсттеріне ҚР-ның РФ-дағы елшілігінің атынан гүл шоқтарын қойды. 

Шараға Мәскеу қаласындағы соғыс және еңбек ардагерлері, қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Мектеп оқушылары қонақтарға мерекелік концерт қойды, одан кейін мектептердегі Әлия Молдағұлова мен Бауыржан Момышұлының мұражайларында экскурсия өткізілді. 

Барлық жаңалықтар