- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев В.Путинді Восточный ғарыш айлағынан алғашқы зымыран ұшырылуымен құттықтады (ФОТО)
Н.Назарбаев В.Путинді Восточный ғарыш айлағынан алғашқы зымыран ұшырылуымен құттықтады (ФОТО)
Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі аспектілерін, сондай-ақ күн тәртібіндегі бірқатар өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады.
Нұрсұлтан Назарбаев В.Путинді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығымен және Восточный ғарыш айлағынан алғашқы зымыран ұшырылуымен құттықтады.
- Бүгінде кез келген мемлекет осындай заманауи ғарыш айлағын іске қоса алмайды. Бұл Сіздің қолыңыздан келді. Сіздің ел үшін осы бір тарихи оқиға көптеген ұрпақтың жадында қалатын болады, - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев биыл Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммиті және ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесі өтетінін еске салды.
- Биыл күн тәртібінде көп кездесу бар, бағдарлама ауқымды. Қазіргі күрделі кезеңде Еуразиялық экономикалық одақ қалыпты режимде дамып жатыр. Дағдарыс уақытында туындап жатқан қиындықтарды еңсеруге болады, - деп атап өтті Қазақстан Президенті.
Ресей Президенті Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған парадқа қатысу мақсатымен Мәскеуге келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.
- Біздің қарым-қатынасымыз да осылай жақсы әрі жан-жақты дами беретініне сенімдімін. Бүгін Сіз көрсеткен ілтипат ертеңгі күні де өзара сенімді нығайтып, достық байланыстарымыздың бұдан әрі дами беруі үшін жақсы жағдай қалыптастыратыны сөзсіз, - деді В.Путин.
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
«Ashyq» қосымшасы: алғашқы нәтижелер, тиімділігі және өңірлерге таралуы -
Т.Әубәкіров: Ғарышкер болу үшін ғылымға құштар болу керек -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
QAZVAC вакцинасының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтілді -
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады -
Дәрігер: Қатерлі ісік неғұрлым алғашқы сатыда анықталса, емдеу нәтижелі болмақ
-
Зейнетақы жинақтарын пайдалану: алғашқы нәтиже, үй бағасының қымбаттауы, өтінім қабылдамаудың себептері -
Қ.Тоқаев Парламенттің VII шақырылымының алғашқы сессиясын ашты -
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады -
Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады