- Басты
- Жаңалықтар
- БҰҰ Бас Ассмблеясы ҚР Президентінің бастамасымен «Діндер бейбітшілік үшін» форумын өткізді
БҰҰ Бас Ассмблеясы ҚР Президентінің бастамасымен «Діндер бейбітшілік үшін» форумын өткізді
Аталмыш шараны БҰҰ-да өткізу туралы Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында сөйлеген сөзінде ұсынған болатын. Сонымен қатар, 2015-ші жылдың қарашасында Парижге жұмыс сапарымен барғанда ЮНЕСКО-ң Бас директоры Ирина Боковамен кездесуі барысында да айтқан еді, деп хабарлайды ҚР СІМ-і.
Қазақстан Президентінің бұл идеясын БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, Ислам ынтымақтастық ұйымы, БҰҰ-на мүше мемлекеттер, діни конфессия көшбасшылары және халықаралық мемлекеттік емес ұйымдар қолдаған болатын.
Қазақстанның ұстанымын аталмыш шарада ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов таныстырды.
Пікірталасты ашқан БҰҰ Бас Ассамблеясының президенті Могенс Люккетофт Қазақстанның бастама етіп көтерген тақырыбының өте өзекті екенін атап өтті. Оның айтуынша, аталмыш сала бойынша беделді көшбасшылардың пікір аламасуы барлық әлемдік діндердің лаңкестікке және экстремизм идеологиясына бірігіп қарсы тұруға мүмкіндік береді. Бұдан өзге де сөз алған беделді халықаралық сарапшылар мен саясаткерлер Қазақстан Президентінің бастамасын қызу қолдап, алғыстарын білдірді.
Өз кезегінде ҚР Сыртқы істер министрі «біздің міндетіміз ортақ құндылықтарды бөлісетін ұлы діндер халықтардың жақындасуында және ғаламшардағы әлемнің нығаюында үлкен рөл атқаруына себеп болу»,-деп атап өтті.
Оның айтуынша, ол үшін дін көшбасшыларын тұрақты түрде кездестіріп отыратын алаң құру керек. Көздеген мақсатты жүзеге асыру үшін осындай жолдарды қарастырған абзал.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда