- Басты
- Жаңалықтар
- Алматылықтар Отан қорғаушылар күнін тойлауда
Алматылықтар Отан қорғаушылар күнін тойлауда
«Бұл күн ардагерлер мен шекара шебінде кірпік қақпай қызмет етіп тұрған сарбаздар мен ел азаматтарын ұлықтайтын мемлекеттік мереке. Тәуелсіздікке қол жеткен кезден бергі уақытта Елбасының сындарлы саясатының арқасында мемлекет шекарасын нақтылап басқа жұртпен достығымызды нығайттық. Отанды қорғау ісі қай кезде де әр азаматтың қасиетті борышы, абыройлы міндеті. Бас қолбасшы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жіті бақылауы мен қамқорлығының арқасында қорғаныс саласы қарқынды даму үстінде. Қаржыландыру жыл сайын артып, қарулы күш құрылымдары техникалық талаптарға сай дамып, қару-жарақпен жабдықталуда. Әскери қызметкерлерді әлеуметтік қолдау назардан тыс қалған емес. Еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға Алматы үлес қосып келеді. Өткен жылы қаламыздан 2000 жас бозбала қарулы күштер құрылымдарына, мемлекеттік күзет, шекараға шақырылды. Жыл басынан бері 450 жас ұлан өзге өңірлерге аттанды», - деді қала әкімі Бауыржан Байбек.
Республикалық ұландар десанттары мен курсанттары әскери қойылым қойды. Сондай-ақ, әскери қызмет қатарына шақырылушы 50 бозбалаға арнайы сый-сыяпат берілді. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еренғайып Шайхутдинов жас сарбаздарға ақ жол тіледі.
Мерекелік шара Қазақстан эстрада жұлдыздарының концертіне ұласты. Сондай-ақ, Алматы жастары Отан қорғаушылар күніне арнап флешмоб өткізді.
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Отандық медиа саласы қалай дамып жатыp -
Пандемия отандық туризм саласына қалай әсер етті -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады -
Туризм: Отандық вакцина паспорты жарамды елдер, «Kids go free» жобасы және жолдағы сервистік нысандар -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
Коронавирус: ДСМ вакцина алғаннан кейін қайтыс болған жағдайларға байланысты түсінік берді