- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада мерекеге орай жаппай жүгіруге 600 әскери қызметші қатысты
Астанада мерекеге орай жаппай жүгіруге 600 әскери қызметші қатысты
Отан қорғаушылар алаңына 600-ден астам әскер қызметші жиналды. Сол жерден басталған ауқымды спорттық шара Бауыржан Момышұлының ескерткіші жаныннда аяқталды, деп хабарлады әскери ведомство.
«Отан қорғаушылар Күні мен Жеңіс Күні мерекесі қатар өтіп жатыр. Бұл ұрпақ сабақтастығын білдіреді. Бұл бүгірудің мақсаты – Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, біздің жауынгерлерімізге құрмет көрсету. Біз 3 шақырым жүгіріп өтіп, Бауыржан Момышұлының ескерткішіне дейін бардық. Онда ескерткішке гүл шоқтарын қойдық»,-деді ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Амир Халиков.
«Мен Отан қорғаушылар күнімен барлық әскери қызметшілерді құттықтаймын. Ардагерлерімізге денсаулық, бақыт тілеймін. Бұдан бөлек, барлығын салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын»,-деп атап өтті жүгіруге қатысқан, 68665 ә/б гвардиясының аға сержанты Арслан Серкебаев.
Сонымен қатар, тұңғыш рет ҚР Қарулы күштерінде әскери бөлімшелер мен ҚР Қарулы күштері мекемелері арасында «Әскер Барысы» титулы үшін қазақ күресінен турнир басталды. Турнир жеңімпазы Ұлт көшбасшысы – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін таласатын «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алатын болады.
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ІІМ: Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс саны 30%-ға қысқарды -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
Бұқаралық спортты дамыту, цифрландыру және 30 жылдыққа орай ұйымдастырылатын шаралар